27 Сәуір, 2017

Этностар мүддесі барынша қорғалған ел

500 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін

Қазақстан заманауи өмірге, ха­лықаралық қоғамдастыққа се­німді түрде кірігіп отыр. Біз елі­міз­дің имиджін көтере отырып, ин­вестициялық және экспорттық әлеуетімізді, экономикамызды қа­р­қынды дамытуға баса назар ау­дарып келеміз. Осы саясаттың ар­қасында Қазақстан әлем мой­ын­даған елге айналды.

Этностар мүддесі барынша қорғалған ел

Еліміздің  халықаралық үр­діс­терді тереңірек танып, соған сәй­кес шешімдер қабылдауға және жаһан­дық өзгерістерге орай лайықты іс-қи­мыл жасауға мүмкіндігі мол.

Біздің еліміз қауіпсіздік айма­ғы  болғысы келеді, болып та жүр. Бұл ұстаным Қазақстанды инвес­ти­циялық сенімділік бойынша ең озық елдер қатарына қосты. Шет­ел­дік инвесторлар бізден ең тиімді шарттарды пайдаланады және жұ­мыс істеулеріне мүмкіндік мол. Көп­­шілік, әсіресе, жастар, батыстық тә­жірибені, оған қоса, әлеуметтік же­лілер интернетті тез меңгеруде, ағыл­шын тілін білетіндер үлесі арта тү­сіп отыр.

Қазақстанда түрлі этностардың бей­біт өмірі, олардың құқығы, тілі мен ділін, мәдениетін дамыту мүм­кін­дігі жоғары деңгейде қор­ғал­ған. Ең бастысы, еліміз тарихи әділдікті қал­пына келтіру жолымен жүріп ке­леді. Заманауи әлемде этностардан тыс мемлекет құру сәтсіздікке ұшы­рай­ды. Мәселен, кезінде этностарды жоққа шығару жолымен жүрген Еуропалық одақ оған қайта айналып келді.

Қазақстанның этностық құн­ды­лықтарын қазірше қазіргі әлемнің ру­хани-мәдени қоры құрап отыр. Олар әлі соңына дейін танылмаған, бірақ жаһандық қоғамдастықтың оңтайлы баюына ықпал етуі мүмкін. Ал қазақ ұлтының дәстүрлері мен құн­дылықтары адам мен орта ара-

с­ын­дағы қарым-қатынаста ерекше прагматизмді ұсынады, ол тұты­ну­шы қоғам құндылықтарының дағ­да­рысын басынан кешіріп отырған әлем үшін өте маңызды. Сондай-ақ, елімізде қоғамдық көңіл-күйдің мо­ни­торингін жүргізу, бағалау мен көр­сету тәуелсіздіктің алғашқы кү­ні­нен бастап басым бағыттардың бі­рі болып келеді. Екі базалық инди­ка­тор мәні өсті – ол кедейліктің ең төменгі шегін  толық жою және өмір сүру ұзақтығын арттыру. Бұл көр­сеткіш елімізде бұрынғыдан да жақсы және ұзақ өмір сүруге мүм­кіндік бар екендігін аңғартады. Қазақстан өзінің теңгерімделген де­м­ог­рафиялық құрылымымен ерек­ше­­ленеді. Бұл ретте халық өзгермелі жағ­дайларға бейімделуге үлгере отырып, динамикалық түрде өсе тү­су­де.  Еліміз бүгінде дамудың жаңа ке­зеңіне аяқ басты. «Қазақстан-2050» Стр­атегиясы, «Нұрлы жол», «100 нақ­ты қадам» Ұлт жоспары сынды ау­қымды бағдарламалар, денсаулық сақ­тау және білім беру, тілдерді дамы­ту бағыттары бойынша жүргізіліп жат­қан дәйекті мемлекеттік жобалар тізбегі әлеуметтік-экономикалық жаң­ғыртуды жеделдетудің негізін қалады.

Жоғарыда атап өткен жағымды өз­герістермен және ілкімді жо­ба­лар­мен қатар, саяси жаңғыру – кон­­ституциялық реформалар­ды жү­зеге асыру, әкімшілік сала мен ме­м­­лекеттік қызметтер жүйе­сін же­ ­­тілдіру, ашық үкімет қа­лып­тас­ты­ру үрдісі еліміздің халықаралық қоғамдастықтағы беделін әрі қарай өсіре түскені анық.  

Мәдени жаңғыру да жүзеге асырылуда. Оның бастауында «Мәдени мұ­ра» мемлекеттік бағдарламасы, «Халық тарих толқынында» бағ­дар­ламасы, «Қазақстан-2050» Стра­тегиясының терминологиялық және ғылыми жұмыстары тұр.

Сонымен, бүгінгі таңда Қа­зақстанда мәдениеттің бастапқы құ­­ры­лымы мен элементтерін, қо­ғам­дық психология мен практи­ка­ны терең өзгерту және оны жаң­ғыртуға негізделген ұлттық жа­ңғыру моделі де қолға алынуда. Бұл ретте осы­н-

­дай маңызды қа­дам­дар ар­қы­лы ғана қазіргі әлемде өзі­міз­дің ұлт­тық  үйлесімділігімізбен  құн­ды­лықтарымызды сақтап қала ала­тын­ды­ғымызды атап өткен жөн.

Еліміз жаһандық және аймақтық үр­дістермен үндесе жүрмесе, мына заманауи әлемдегі сын- қатерлерге төтеп беруіміз неғайбыл. Сондықтан Елбасымыз айқындап берген бүгінгі бағытымыз біздің халықаралық қоғамдастықтағы лайықты орнымызды бекемдей түседі.

 

 

Зарема ШӘУКЕНОВА,

Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры, ҰҒА 

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар

Ғасырлар ғибраты

Наурызнама • Бүгін, 10:15

Шапандар шеруі

Өнер • Бүгін, 10:10

Жүз жыл бұрынғы жыр

Тарих • Бүгін, 10:05

Желкілдеп өскен жас ұрпақ

Тәрбие • Бүгін, 10:00

Құстарға қамқорлық

Қоғам • Бүгін, 09:55

Тазалық – тәртіп пен береке бастауы

«Таза Қазақстан» • Бүгін, 09:45

Рухани өнегесі ағыл-тегіл

Наурызнама • Бүгін, 09:40

Сарандағы «сары қазақ»

Қоғам • Бүгін, 09:35