Президент • 27 Сәуір, 2017

Ақ тілектер ағыны

487 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.НАЗАРБАЕВҚА

Ақ тілектер ағыны

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сіздің бұқаралық ақпарат құралдарында жа­ри­я­лан­ған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақалаңызда қозғалған озық ойларыңыз бен жа­ңа­шыл көзқарастарыңызды жас ұрпақты тәрбиелеп отыр­ған О.Таңсықбаев атындағы Алматы сәндік-қол­данбалы өнер колледжі ұжымы бірауыздан қол­дайды. Ұлттық мәдениет, ұлттық сана, ұлттық рух – ең басты құндылықтарымыз. Осы мақалаға өзек бол­ған ел болашағы, ұлт тағдыры, сондай-ақ жас ұр­пақ үшін аса маңызды істерді жүзеге асыруға және ұлт­тық құндылықтармен сусындаған саналы ұр­пақ­ты

тәр­биелеуге өз үлесімізді қосамыз деп сенім біл­ді­ре­міз.

С.ШАЛАБАЕВ,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, профессор


Аса мәртебелі Нұрсұлтан Әбішұлы!

Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің ауқымды ұжымы Сіздің ұғы­нықты түрде жаңа идеологиялық тұғырнама тұжырымдалып, Қазақ­стан қоғамын рухани жаңғыртудың құнды басымдықтары белгі­лен­ген «Бо­лашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақалаңызбен мұ­қият таныса келіп, оны бірауыздан қолдайды.

Бағдарламалық құжаттың арқасында алдымызда жаңа мүмкіндіктер ашылуда, бұл түптеп келгенде, Ұлттық музейдің ұжымын дамудың бәсекеге қабілетті деңгейіне шығарып, әлемдегі әйгілі музейлер арасында өзінің орнын табуға мүмкіндік береді.

Біз Сізбен әрдайым біргеміз!

Ж.ТАЙМАҒАМБЕТОВ,

Ұлттық музей директорының орынбасары,

ҰҒА корреспондент-мүшесі, профессор


Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы!

Сіздің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мән-мазмұны терең мақалаңызды кешегі ұлт даналарының киелі бесігі болған шығыстағы Абай елі де зор ықыласпен қабылдады. Мемлекеттік дамуды айқындайтын саяси-идеологиялық осынау құжатта қазақ халқының өркениеттік таңдауы жасалыныпты. Мақалаңыздағы ХХІ ғасырда Ұлттық кодты сақтай отырып, жаңғыру, Жаһандық сана бойынша бәсекеге қабілеттілік, Білімнің жалпыға ортақ салтанаттылығы, Сананың ашықтығы сынды басымдықтар дәл мерзімінде көрегенділікпен жасалған тұжырымдар. Сіз ұсынып отырған тың идеялар жоспарын ұлттық мүдденің стратегиялық бағытын айқындайтын жаңа идеологиялық концепция деп білеміз. Киелі мекен Абай ауданының тұрғындары биылғы жылы хәкім Абайдың әкесі, Үш жүзге аты мәлім қайраткер, аға сұлтан, әрі қажы Құнанбай Өскенбайұлына еңселі ескер­т-

кіш көтеруді мақсат тұтып отыр. Бұл да болса өлке тарихын таныту мен ұрпақ жүрегін нұр­лан­дыру жолындағы рухани жаңарудың жаңа белесіне көтерілетін бір баспалдағы деп бі­ле­міз. Міне, осы ретте, осынау жарқын кезеңде Сіз­дің көшбасшылығыңыздағы бүгінгі жасампаз буынды Сіз атап көрсеткен таяу жылдардағы міндеттерді тізе қоса орындауға шақырып, барша отандастарымызды жігерлендіргіміз келеді.

Әрдайым амандықта болып, өркениет көшін­дегі халқыңызды дамудың жаңа белестеріне бастай беріңіз. Сіздің бойыңыздағы даналық Алланың алаш жұртына берген сыйы деп білеміз. Еліміздің өркендеуімен бірге мәртебеңіз де асқақтай берсін!

Өзіңізге деген ыстық ілтипат, ізгі тілекпен хат жолдаушы: 

Абай елінің ақсақалдары, зиялы қауым өкілдері.



       


Соңғы жаңалықтар