Үсен Сүлеймен Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жылында ауқымды қажырлы жұмыс жасалғанын, соның арқасында ел әлемнің 50 дамыған елінің қатарына қосылғанын атап өтті. Ол аудиторияға «Қазақстан 2050» Стратегиясының негізгі аспектілері, сондай-ақ елдің әлімнің 30 дамыған елінің қатарына қосылуын көздейтін жүзеге асырылып жатқан конституциялық реформалар және Қазақстанның Үшінші жаңғыруы туралы мәлімет берді. Қазақстан Президентінің бағдарламалық мақаласына сәйкес аталған «ауқымды өзгерістер озық рухани жаңғырумен сүйемелденуі тиіс. Оған қоса, ең маңыздысы рухани жаңғыру саяси және экономикалық жаңғыруды толықтырып қанай қоймай, оның өзегі болмақ».