Қазақстан • 02 Мамыр, 2017

Алматыда Ұлт­тық ұлан әскерінің 25 жыл­дығына орай Гала-концерт өтті

385 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматыдағы Республика сарайында Ұлттық ұлан Ән-би ансамблі мен бір­лескен оркестрінің Ұлт­тық ұлан әскерінің 25 жыл­дығы мен Отан қор­ғау­шылар күніне орай «Ұлы Дала ұландары» атты­ Гала-концерт өтті. Атал­ған шара Ұлттық ұлан Бас қолбасшылығы және Республика сарайы әкім­шілігінің бірлескен жо­басымен, сондай-ақ Алматы қаласы әкім­ді­гі­нің қолдауымен ұйым­дас­тырылды.

Алматыда Ұлт­тық ұлан әскерінің 25 жыл­дығына орай  Гала-концерт өтті

Бойыңызды шымырла­тар­ шығармалар, жауынгер­лер­ рухын асқақтататын әсем-саз­ды әуендер, темірдей тәр­тіп­ке тәрбиелейтін тәлімді жат­тығулар шараның шырайы­н келтірді. Арнайы концерттік бағдарламада еліміздің еңбек сіңірген қайраткерлері Эльмира Баққали, Мұрат Нұрғазиев, Естай Мұқашев, Еділ Құсайы­нов, сондай-ақ Ғайни Жұмашева, Асхат Таушев, Бауыржан Тұр­ғымбаев, Маржан Арапбаева сынды көптеген байқаулардың лауреаттары өнер көрсетті. Ұлт­тық ұлан ансамблінің фоль­клорлық тобы, вокалдық ұжы­мы жиылғандарды әсем сазға бөлеп өз өнерлерін ортаға салды. Концертке Ұлттық ұлан Ән-би ансамблінің басшысы Дархан Рахымғалиев көркемдік жетекшілік жасады.

Шара барысында кеш қо­нақтары Ұлттық ұланның фо­тотілшісі Вячеслав Гель­бингтің ұжымның қыз­меттік-жауынгерлік тыныс-тір­ші­лігі жайлы фотокөрмесін тама­шалады. Осы ретте бір айта кетерлігі, егемен еліміздің Отан қорғаушыларының фото­ше­жіресін жасауда Вячеслав Гельбингтің сіңірген еңбегі ауыз толтырып айтарлықтай. Оның көпшілік фотосуреттері кеш қонақтарының көңілінен шықты. Қазіргі таңда майталман маманның жеке мұрағатында әс­кери салаға қатысты бір мил­­лионнан аса фотосурет жи­ыл­ған.

– Жауынгерлік рух тазалық пен жоғары мәдениеттен, ізгі­лікпен өнерден бастау алады. Сондықтан, бүгінгі шараның мән маңызы зор. Бұл мәдени іс-шара Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назар­баев­тың «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» атты еліміз­дің рухани жаңғыруының бі­регей бағдарламасы аясында­ ұйымдастырылды, – дейді Қазақ­стан Республикасы Ұлттық ұла­нының бас қолбасшысы, ге­нерал-лейтенант Руслан Жақсылықов.

Арман ОКТЯБРЬ,

«Егемен Қазақстан»

АЛМАТЫ