Аймақтар • Кеше

Семей студенттерінің спорттық инфрақұрылымы жаңарды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Әрдайым жаңашылдыққа баса назар аударып, студенттердің алаңсыз білім алуына, денсаулығын шыңдап, салауатты өмір салтын ұстануына үнемі назар аударатын Шәкәрім университетінде тағы бір қуанышты жаңалықтың лебі есті, деп жазады Egemen.kz

Семей студенттерінің спорттық инфрақұрылымы жаңарды

Оқу ордасының №1 Спорт кешенінде дәстүрге айналған спартакиаданың салтанатты ашылуымен қатар заман талабына сай жаңартылған бассейннің тұсау кесілді.

Ертеден «Семей – студенттер қаласы» атанғанын ескерсек, білім алушы жастардың игілігіне берілген бұл спорттық нысанда барлық қажетті жағдай ескерілген.

Биыл Жамбыл облысында 13 спорт кешені ашылады

Шәкәрім университетінің жылдар бойғы қалыптасу кезеңін жетік білетін Ардагер ұстаз Анатолий Сидельников спартакиаданың ашылу салтанатында бассейн орналасқан ғимарат тарихына да тоқталды. Ардагердің айтуынша, бұл спорт кешені осыдан 46 жыл бұрын студенттер мен қала тұрғындарының бірлескен еңбегімен салынған.

«1980 жылдың қыркүйегінде жүзу бассейні іске қосылып, осы кешенде қалалық, облыстық, республикалық, тіпті, 1982 жылы Бүкілодақтық деңгейдегі жарыстар өткізілді. Ол кезде бұл дене шынықтыру саласы бойынша облыстағы жалғыз кешен болатын. Бүгінгі жаңғыртылған нұсқасын көріп, шынымен де таңғалып тұрмын. Жөндеу жұмыстары жақсы жүргізілген, кешеннің жаңа келбетіне көңілім толды», деді қарт ұстаз ағынан жарылып.

Ұзақ жылдар бойы түрлі заман құбылысының әсерінен қолданыстан шығып қалған жүзу бассейні 2025 жылы күрделі жөндеуден өтіп, қайта іске қосылғаны университет студенттері үшін жыл басталғандағы үлкен сый болғаны даусыз.

Ақтөбеде инклюзивті спорт кешені ашылды

Қазір мұнда заманауи құрылғылармен жабдықталған спорт және жаттығу залдары, фитнес орталығы жұмыс істеп тұр. Жаңарған инфрақұрылым білім алушылардың спортпен жүйелі түрде айналысуына, соның ішінде жүзуді меңгеруіне зор мүмкіндік беріп отыр.

Жалпы аумағы 14х25 метрді құрайтын бассейн заманауи талаптарға сай жаңғыртылып, алдағы уақытта университет қауымы мен қала тұрғындарының игілігіне қызмет етпек.

Соңғы жаңалықтар