"Картаны әзірлеу «Қазақстанның киелі нысандары» және «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасы аясында жүргізілуде. Ұлттық сана негізін Ұлытау маңындағы ескерткіштер кешені, Қожа Ахмет Ясауи кесенесі, Бекет ата мазары, Шығыс Қазақстан мазарлары, Тараздың ежелгі ескерткіштері, Жетісудің қасиетті орындары және т.б. құрауы тиіс", - деп жазды ол.