Президент • Кеше

Тоқаев: Әлеуметтік желілерде ақшаны криптоға айырбастау жарнамасы тыйылмай тұр

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінде өткен жиында капиталдың заңсыз сыртқа кетуі экономикалық қауіпсіздігімізге тікелей қатер төндіретініне тоқталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Тоқаев: Әлеуметтік желілерде ақшаны криптоға айырбастау жарнамасы тыйылмай тұр

Президенттің айтуынша жаңа салық саясаты күшіне енгелі бері нақты айналымды жасыру үшін қолма-қол төлем көлемінің артқаны туралы мәліметтер келіп түсе бастаған.

Тоқаев: Бизнестің дамуын тежейтін кедергілерді жою керек

«Бөлшек саудамен айналысатын саудагерлер тауардың ақысын қолма-қол ақшамен немесе аударым арқылы төлегеніне қарай салық сомасын шегеріп, екі түрлі баға айта бастады. Бұған, әрине, көз жұма қарауға болмайды. Өйткені мұндай әрекеттер мемлекеттің салықты әкімшілендіру тетіктерін жетілдіру бағытындағы еңбегін зая кетіреді. Кірісті жылыстату және капиталды астыртын криптоперациялар арқылы заңсыз шығару проблемаға айналды. Бүгінге дейін 62 миллиард теңгеден астам қаржы айналымы бар 130 заңсыз криптоалмасу қызметі жойылды. Осы істердің аясында 2,6 миллиард теңгенің мүлкіне тыйым салынды. Бұдан бөлек, әлеуметтік желілерде ақшаны криптоға айырбастау жарнамасы тыйылмай тұр. Демек, мәселе түбегейлі шешімін таппаған», деді Президент.

Мемлекет басшысы Қаржылық мониторинг агенттігінде жиын өткізді

Халықаралық ұйымдардың бағалауынша, Қазақстан − сыртқа шығарылған капиталдың көлемі жағынан «көш бастап тұрған мемлекеттердің» бірі. Ал осындай қылмыс үшін сотталғандар жоққа тән.

«Капиталдың заңсыз сыртқа кетуі экономикалық қауіпсіздігімізге тікелей қатер төндіреді. Агенттік аталған мәселелер бойынша нақты ұсыныс енгізсін», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент сондай-ақ әлеуметтік салаға бөлінген триллиондаған теңге қаржыны жымқыратын алаяқтардың азаймай тұрғанын атап өтті.

Соңғы жаңалықтар