Қазақстан • 02 Мамыр, 2017

Қазақстанның кей өңірлерінде шаңды дауыл болады(02.05.2017)

179 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның шығыс және оңтүстік-шығыс аймақтарында құбылмалы ауа райы сақталады, кей жерлерінде жаңбыр жауады, калған өңірлерде күн ашық, деп хабарлайды Қазгидромет.

Қазақстанның кей өңірлерінде шаңды дауыл болады(02.05.2017)

Республиканың кей жерлерінде тұман түседі, шаңды дауыл тұрып, жел күшейеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23-28 м/с жетеді, тұман күтіледі.

Алматы облысының кей жерлерінде түнде тұман болып, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облыстарында, түнде және таңертең Қарағанды облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда, Атырау, Маңғыстау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл көтеріліп, желдің күші 15-20 м/с болады.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының, түнде Павлодар облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.