05 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің бұйрығы №194

831 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 30 наурыз               №194              Астана қаласы «Қазақстан Республикасының патенттiк сенiм білдірілген өкiлдерiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң м.а. 2010 жылғы 28 шілдедегi № 223 бұйрығына өзгерiс енгiзу туралы Қазақстан Республикасындағы патенттік сенім білдірілген өкілдердің санын арттыру мақсатында, бұйырамын: 1. «Қазақстан Республикасының патенттiк сенiм білдірілген өкiлдерiнiң кейбiр мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Әдiлет министрiнiң м.а. 2010 жылғы 28 шілдедегi № 223 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6404 тіркелген, Қазақстан Республи­касының Орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдарының актілер жинағында, 2010 жылғы, № 15 жарияланған) келесі өзгерiс енгiзілсін: аталған бұйрықтың 2-қосымшасында: Қазақстан Республикасының патенттік сенім білдірілген өкілдеріне қойылатын біліктілік талаптарында: 2-тармақта: 3) тармақшасында «төрт» деген сөз «екі» деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгi Зияткерлiк меншiк құқығы комитетi заңнамада белгiленген тәртiппен осы бұйрықтың мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшiлiк ететiн Қазақстан Республикасының Әдiлет министрiнiң орынбасарына жүктелсiн. 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап жиырма бiр күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi. Министр   Р. ТҮСІПБЕКОВ. Бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2011 жылғы 15 сәуірдегі Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне № 6887 болып енгізілді.