Фото: egemen.kz/ Қырмызы Жұмағалиқызы
Динара Зәкиеваның айуынша, балалар Жамбыл облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жатқызылған.
2023 жылы туған ұлдың денсаулығы қанағаттанарлық деңгейде болса, 2021 жылы туған қыздың жағдайы ауыр әрі бірнеше жері сынғаны анықталып отыр.
Бұған дейін олардың анасының терең күйзелісте екендігі белгілі болғанмен, ол ем-шараны толық қабылдамаған.
Динара Зәкиева балалардың құқығын қорғау мен оларға қатысты қайғылы жағдайлардың алдын алу ісінде медициналық деректерді құпия сақтау мәселесі кедергі болып отырғанын атап өтті.
Балаларын терезеден лақтырып жіберген әйел қылмыстық жауапкершіліктен құтылды
«Медициналық мекемелер күйзелістегі немесе психологиялық ауытқуы анықталған ата-аналар туралы мәліметті бала құқықтары жөніндегі уәкілдікпен бөліспейді. Ата-аналар тарапынан балаларға аяусыздық таныту мен осындай ондаған қайғылы оқиғалардың себебі осы мәселемен байланысып жатыр. Бала құқықтарын қорғайтын мекемелер мұндай ақпараттан бейхабар қалмауы тиіс. Аталған жағдайды заң жүзінде реттеу керек», деді Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева.
Динара Зәкиева келтірген дерекке сүйенсек, елімізде балаларға зорлық-зомбылық көрсету бойынша күніне 5 қылмыс тіркелетін көрінеді. Олардың ішінде 50-60% жағдайда балалар жаманшылықты ата-анасынан, жақын туысынан көреді екен. Мұндай заңбұзушылықтар жеке үйлерде болатындықтан, оларды анықтау мен алдын алу оңай шаруа емес.
Павлодар тұрғыны балаларын бесінші қабаттан лақтырып, артынан өзі секірген