2011 жылғы 1 наурыз № 203 Астана, Үкімет Үйі
Азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу қағидасын бекіту туралы
«Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңы 5-бабының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
1. Азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу қағидасы бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 наурыздағы № 203 қаулысымен бекітілген
Азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу қағидасы
1. Жалпы ережелер
1. Осы Азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу қағидасы «Биоотын өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 15 қарашадағы Заңының 5-бабы 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төнген жағдайда кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу тәртібін анықтайды.
2. Кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу тәртібі
2.«Азық-түлік қауіпсіздігінің жай-күйіне мониторинг жүргізу ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 12 сәуірдегі № 296 қаулысымен көзделген тәртіппен азық-түлік қауіпсіздігі жай-күйінің тұрақты мониторингі нәтижесінде айқындалған азық-түлік қауіпсіздігіне қатер туындаған жағдайда жергілекті атқарушы органдар биоотын өндірісі саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ақпарат ұсынады.
3.Жергілікті атқарушы органдардың ақпараты негізінде уәкілетті орган егін алаңдарының құрылымын, өндіру және қайта өңдеу көлемін, сондай-ақ тамақ шикізатының нақты түрі (немесе түрлері) қорларының болуын ескере отырып, биоотын өндірісі үшін пайдалануға жоспарланған мониторингі деректерін талдауды жүзеге асырады.
4.Республика аумағында азық-түлік қауіпсіздігі қатерінің туындағаны туралы куәландыратын факторларды айқындау кезінде уәкілетті орган белгіленген тәртіппен кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталарды белгілеу туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүдделі мемлекеттік органдармен келісілген шешімінің жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгізеді.
5. Кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталар көлемі күтілетін өндіріс көлемінен, ауыспалы қорлардың және азық-түлік мұқтаждарына, жем мен тұқымға ауыл шаруашылығы өнімінің ішкі тұтыну көлемінен анықталады және мынадай формула бойынша есептеледі:
КК=(КӨ+АҚ)–ІТ, мұнда:
КК – тамақ шикізатына квота көлемі, мың тонна;
КӨ – ауыл шаруашылығы өнімінің ағымдағы жылы күтілетін өндірісі, мың тонна;
АҚ – ауыл шаруашылығы өнімнің ауыспалы қоры, мың тонна;
ІТ – ауыл шаруашылығы өнімінің (азық-түліктік қажеттілік, жем мен тұқым) ішкі тұтынылуы, мың тонна.
6. Кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланылатын тамақ шикізатына квоталар көлемі барлық биоотын өндіру зауыттарының жалпы жиынтық өндірістік қуатындағы үлестеріне барабар биоотын өндіру жөніндегі зауыттардың арасында бөлінеді.
8. Тамақ шикізатына квоталар кейіннен биоотын етіп қайта өңдеу үшін пайдаланылатын импорттық тамақ шикізатына қолданылмайды.