Кеше Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер алған азаматтарға дәрежелері мен марапаттарды өз қолымен табыс етті.
Барлық өмірлерін әскердің қиын да қауіпті, сонымен бірге, қадірлі де қастерлі әрекетіне арнаған азаматтар Ақорданың ішінде сап түзеп тұрды. Олардың бойынан нағыз сардарға тән қайтпас қайсарлық пен асқан қырағылық сезіледі. Тура сағат 11.00-де Президент Н.Назарбаев қабылдау залына енгенде шалт бұйрықпен бәрі де сымдай тартылып тұра қалды.
Елбасы өзінің сөзін жоғары атақтар алған офицерлерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаудан бастады. Осыдан 19 жыл бұрын 7 мамырда менің Жарлығыммен Қазақстанның Қарулы Күштері құрылған еді. Сол күнді біз Отан қорғаушылар күні деп жарияладық. Осы мерекенің қарсаңында Отан қорғау жолында үздік жетістіктерге жеткен, тәртібімен, тәлімімен Отанға қызмет етуде айрықша еңбек сіңірген сардарларды марапаттап келеміз. Бүгін де сол дәстүр бойынша бір топ офицер мен құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне жоғары әскери шен – генерал атағын бергелі тұрмыз, деді Мемлекет басшысы.
Одан әрі Президент «Егеменнің» кешегі санында жарияланған Жарлығы бойынша генерал атақтары мен сыныптық шендер тапсырды. Алғашқы болып ортаға Құрлық әскерлерінің қолбасшысы Мұрат Майкеев генерал-лейтенант атағын алуға шықты. Жоғары атақты алған соң ол Қарулы Күштер атынан Елбасына әскерге жасалып отырған қамқорлықтары үшін өзінің алғысын жеткізді. Одан әрі өзінің өміріне тоқталып, Президентпен кездескен және Президенттің әскерді құру мен оның дамуына жасаған қамқорлықтарын еске алып өтті. Одан әрі генерал өзінің еңбегіне зор баға беру арқылы Елбасы үлкен жауапкершілік жүктеп отырғанын айта келіп, өзінің қасық қаны қалғанша сол сенімді ақтайтынын жеткізді. «Біз Сіздің кез келген бұйрығыңызды әрқашанда мүлтіксіз орындайтын боламыз», деді ол сөзінің соңында.
Генерал-майор әскери атағын алғандардың арасында Бауыржан Әбжанов, Тұрысбек Әлиасқаров және тағы басқалар болды. Авиацияның генерал-майоры атағы Нұрлан Орманбетовке, контр-адмирал атағы Жандарбек Жанзақовқа берілді. Бас Прокурор Асхат Дауылбаев ІІ сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шенін алды.
Жоғары атақтар тапсыру аяқталған соң Елбасы Н.Назарбаев генералдарды тағы да құттықтап, олардың болашақта да Отан қорғау ісі мен құқық қорғау саласында жемісті еңбек ететіндеріне сенім білдірді.
Осыдан кейін Президенттің Жарлығымен әскери және қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, заңдылық пен құқықтық тәртіпті қамтамасыз етуде, елдің ұлттық қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетін нығайту кезінде көрсеткен ерлігі мен қажырлылығы үшін бір топ офицерге отандық наградалар тапсырылды. Олардың қатарында ІІ дәрежелі «Даңқ» орденімен марапатталған Құрлық әскерлері бас қолбасшысының орынбасары Құрбан Қаражанов, І дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған республикалық Ұланның бөлім командирі Қайролла Сайранов, ІІ дәрежелі «Айбын» орденімен марапатталған Ұлттық қауіпсіздік комитеті басқармасының бастығы Денис Бартенев, Құрлық әскерлері бас қолбасшысы басқармасы бас штабы бастығының орынбасары Төлеген Дуламбаев және тағы басқалар бар.
Елбасының қолынан «Ерлігі үшін» медалін Алматы облысы жол полициясының аға инспекторы Азамат Қазыбаев пен Көкшетау қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Біржан Тәшенов алды. «Жауынгерлік ерлігі» үшін медалімен М.Ботин, Андрей Куликов және басқалар наградталды.
Марапатталғандарды құттықтаған сөзінде Елбасы олардың өз қызметтерін адал да біліктілікпен атқарғандары үшін осындай марапатқа ие болып отырғандарын атап өтті. Сонымен бірге, Президент кейбір азаматтардың өз міндетін атқару кезінде опат болуына байланысты оларды қаза тапқаннан кейін марапаттауға тура келіп тұрғанын өкінішпен жеткізді. Олардың арасында ішкі істер органдарының қызметкерлері Р.Әбішев, Е.Керімбеков, Қаржы полициясының қызметкері А.Жұмабеков бар.
Жақсыбай САМРАТ.
-----------------------------------------
Суретті түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.

Ұлттық киноның ұстыны: 2025 жылғы жетістіктер мен жаңа мүмкіндіктер
Кино • Бүгін, 15:10
АҚШ-та қарлы боран салдарынан 8 мыңнан астам әуе рейсі кешіктірілді
Әлем • Бүгін, 15:00
2026 жылы міндетті мүлік сақтандыруы енгізіле ме?
Қоғам • Бүгін, 14:45
Елена Рыбакина Олимпиада чемпионын жеңді
Спорт • Бүгін, 14:30
Өңірлер – өсімнің тірегі. Қазақстандық даму моделінде не өзгеріп жатыр?
Сұхбат • Бүгін, 14:21
Футзалдан Қазақстан кубогінде тосын нәтиже тіркелді
Спорт • Бүгін, 14:10
Түркістан облысында жол бойындағы дәмхана өртеніп кетті
Төтенше жағдай • Бүгін, 13:55
Корея сарапшысы: Қазақстан Орталық Азияның цифрлық орталығына айнала алады
Сұхбат • Бүгін, 13:47
Ақтауда көктайғақ салдарынан автобустар қозғалысы уақытша тоқтатылды
Аймақтар • Бүгін, 13:15
АҚШ Нигериядағы террористерге қарсы әуе соққысын жасады
Әлем • Бүгін, 12:55
Жалғас Жұмағұлов бүгін Чехияда Oktagon чемпионы атағын қорғайды
Спорт • Бүгін, 12:40
Ақтөбеліктер енді жедел жәрдемнің қозғалысын Яндекс Go қосымшасынан көре алады
Медицина • Бүгін, 12:20
Украина бойынша бейбіт келісім: Зеленский Трамппен Флоридада кездеседі
Әлем • Бүгін, 12:05
28 желтоқсандағы доллар бағамы белгілі болды
Қаржы • Бүгін, 11:50
Қостанай облысында өрттен 5 жастағы бала көз жұмды
Төтенше жағдай • Бүгін, 11:30