07 Мамыр, 2011

Тұрғын үй жағдайы жақсара түспек

419 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Алматыда Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеевтің қатысуымен тұрғын-үй комму­нал­дық шаруашылығын модернизациялау мәселесіне арналған кеңес болып өтті. Ө.Шөкеев мемлекеттік ма­ңы­зы зор бұл жұмысты жүзеге асы­рудың тиімді тетіктері мен нақ­ты жолдарына кеңінен тоқ­тал­ды. Бюд­жет есебінен қар­жы­лан­ды­ры­латын мемлекеттік бағ­дарлама аясында тұрғын үйді және ком­му­налдық жүйе­лерді жөндеу жұ­мыстары би­ыл­ғы жылдың жаз ай­ларында бас­тал­мақ. Көптен күт­кен бұл мә­селеге орай Үкі­мет­те екі бірдей бағдарлама жасаған. Тұрғын үй-коммуналдық сала­ны жаңғырту және «Ақбұлақ» бағ­дар­ламасын жүзеге асыру үшін мол қаражат бөлінуде. Бағдар­ла­маны жүзеге асыру­дың үш түрлі бағыты мен тетігі бар. Мәселен, жартысына жуығы ескірген ком­муналдық жүйелерді жөндеу жұ­мыстары бюджет және тариф­тер­дің біртіндеп өсуі есебінен отыз пай­ызға жуық көлемде қаржы­лан­дырылады. Алматыға жұмыс сапары аясында қаладағы Бос­тан­дық ауданында болған Өмір­зақ Шөкеевтің пікірінше, Алма­ты қаласындағы жылу жүйе­лерін және ескірген үйлердің біріне жылу қон­дырғысын ауыс­тыруда жақсы тәжірибе жинақ­талған. Мұн­дай қондырғылар электр қуа­тының 50 пайызын үнемдеуге мүмкіндік береді. Жиында Алматы қала­сы­ның әкімі Ахметжан Есімов Үкімет қа­былдаған бағдар­ла­маны дәй­ек­­ті түрде жүзеге асыруды ба­қы­лау үшін тұрғын үй инспек­циясын құруды жеделдету қажеттігін ескертіп өтті. Бір құптарлығы, Ал­маты қаласында қазірдің өзінде инженерлік ком­муникацияны пай­­далану және оның жағ­дайын бақылау мен мониторингке ар­налған біртұтас ақпараттық желі жасақталуда. Атап айтарлығы, Тұрғын үй-коммуналдық шаруашы­лығын мо­дернизациялау бағ­дарлама­сын іске асыру нә­ти­жесінде электр және жылумен жаб­дықтау жүйе­ле­рінің елу пайызы жаңартыл­мақ. Қазақ­стандағы инженерлік желілерді жөндеу «Жол картасы» негізінде жүргізіледі. Бақыт БАЛҒАРИНА. Алматы.