11 Мамыр, 2011

Корпорация көмегі

392 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
Өз жеріміздің байлығы шетке кетпей өз қолымызға тиді деген осы. Еліміздің тәуелсіздік  алуының 20 жылдығын мерекелеу қарсаңында Еуразиялық табиғи ресурстар корпора­ция­сы  облыстың өркендеуі үшін  2,4 млрд. теңге бөлетін бол­ды. ENRC – бұл біздің жеріміздегі пайдалы қазбаларды қа­зып алу және байыту саласындағы жетекші әртарапты компаниялар шоғыры болып табылады.  Топтың өндірістік активтері де негізінен елімізде орналасқан және құрамына Қаз­хром ТҰК, Жәйрем КБК, Соколов-Сарыбай тау-кен байыту өн­дірістік бірлестігі, Қазақстан алюминийі, Қазақстан элек­тро­лиз зауыты, Еуразиялық энергетикалық корпорация, ENRC Logistics сияқты  кәсіпорындар кіреді. Сөйтіп,  ENRC және  облыс әкімдігі  биылғы жылғы әлеуметтік жобаларды жү­зе­ге асыру бойынша әріптестік туралы меморандумға  қол қойды. Бұл – облыс әкімдігі мен ENRC PLC компаниясы ара­сын­дағы өндірісті өңірдің әлеу­мет­тік дамуына бағытталған әріп­тестік байланыстар одан әрі ны­ғая түсті деген сөз. Өңірді қар­жы­лық қолдау бірқатар эконо­ми­ка­лық, әлеуметтік және мәдени жобаларды іске асыру арқылы жүзеге асырылады. Мысалы, меморандум аясында облыстағы аудан орталықтары мен қалалар­да­ғы  ауруханаларға құны 311 миллион теңге тұратын медициналық құрал-жабдықтар сатып алына­ды. Ал, өндірісті Ақсу қаласында спорт-сауықтыру кешенінің құ­ры­лысы жүргізілуде. Тұрғын үй құрылысы қашанда болсын ха­лық үшін негізгі басым­дық­тар­дың бірі болып саналады. Осы­ған орай корпорация көмегі ар­қы­лы облыс ор­та­лығында 144 пәтерлі түрғын үй мен Ақсу қа­ла­сында 64 пәтерлі тұр­ғын үй са­лы­натын болады. Кор­порация жер­гілікті жердегі  мек­тепке дейінгі, жалпы білім беретін мектептер және орташа тех­ни­калық білім беретін оқу орын­дарына, мәдениет және өнер мекемелеріне, мешіттер мен шіркеулерге қай­ырымдылық көмектерін жал­­ғастыра береді. Сонымен қатар, бұлардың қатарында ардагерлер мен мүгедектерге, қоғам­ның мұқ­таж топтарына қолдау көрсететін балалар үйлері, интернаттар, қарт­тар үйлері, Қызыл жар­ты ай қоғамы бар.  ENRC өз кәсіп­орын­дары орна­лас­қан өңір­лер­де спорт­тың дамуы­на айрықша үлес қосады. Биыл жергілікті «Ертіс» футбол коман­дасына да 450 миллион теңге демеушілік көмек берсе, алдағы уақытта «Үстел тен­нисінің федерациясы» АҚ, «Волейбол клубы» ҚҚ және олим­пиа­далық резерв мектептері де қаржылай көмек ала алады. Жалпы, екіжақты  меморандум бойынша облыс көле­мін­де іске асырылатын 36 жоба қарас­тырылған. Сондық­тан, меморандум аясындағы  бұл жо­ба­ларды қаржыландыру «ENRC Кө­мек» корпоративтік қайы­рым­дылық қоры мен ENRC құрамына кіретін «Еуразиялық энергетикалық корпорация» АҚ, «Қазақстан алю­минийі» АҚ, «Қазақстан элек­тролиз зауыты» АҚ және «Қазхром» ТҰК» АҚ арқылы жүзеге асырылады. – Біздің кәсіпорындар орна­ласқан өңірлердің әлеуметтік-эко­но­микалық дамуы мен сол өңір­лер­дегі түрғындардың аман-сау­лы­ғы ENRC үшін аса маңызды. Бо­ла­шақта да біз осы бағыттағы жұ­мыс­ты одан әрі жалғастыратын бо­ламыз, – деп атап өтті ENRC бас­шыларының бірі Феликс Вулис. Фарида БЫҚАЙ. Павлодар.