13 Мамыр, 2011

Төл ойынымыздан спартакиада өтіп жатыр

341 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін
11 мамыр күні Астанада Туризм және спорт министрлігі мен Тоғызқұмалақ қауымдастығының ұйымдастыруымен зияткерлік ойынның осы түрінен ІІІ жазғы спартакиада басталды. 17 мамырға дейін жалғасатын жарысқа 12 облыс пен Астана және Алматы қалаларының командалары қатысуда. Спартакиада «Қазақстан» спорт кешенінде сағат 10.00-ден 14.00-ге дейін және үзілістен кейін сағат 14.00 мен 20.00 аралығында өтуде. Тоғызқұмалақ үш рет: 2006 жылы – Лондонда, 2008 және 2009 жыл­дары Чехияда дүниежүзілік зияткерлік олим­­пиаданың бағдар­лама­сына енді. 2007 жылы Македонияның Охрид қаласында өткен Түркі тілдес халық­тардың жастар құрылтайында 40 елден келген 240 делегатқа ұлттық ойыннан семинар өткізілді. Шетелдегі қазақтар үшін 2009 жылы Англияда, 2008 жылы Қытайда, 2007-2009 жылдары Түркия­да, 2009-2010 жыл­да­ры Өзбекстанда, 2007-2008 жыл­дары Ресейде, былтыр Францияда бірнеше таныстырушылық шаралар, жарыстар ұйымдастырылды. Ойын жанашырлары 2008 жыл­дың 1 – 8 маусым күндері Қазақстан Рес­пуб­ликасы Президентінің жүлдесі үшін халықаралық жарыс барысында шетелден келген делегаттармен бірігіп, Ха­лы­қаралық тоғызқұмалақ қауым­­­дасты­ғын құрды. Оған Қазақ­стан, Қыр­ғыз­стан, Өзбекстан, Монғо­лия, Қы­тай жә­не Ресей елдері мүше болды. Қауым­дастық­тың президенті болып Әлихан Байменов сайланды. Штаб-пәтері Астана қа­ла­сында орна­ласқан жаңа ұйымның 4 вице-президенті, 20 атқару алқасының мүшесі болатын болып келісілді. 2009 жылдың 15 қыркүйегінен бастап, әлемдік ғаламторда тоғыз­құмалақ зияткерлік ойын ретінде тіркеліп, www.iggamecenter.com сайтын­да тоғыз­құма­лақтың онлайн жүйеде ойнайтын бағ­дарламасы жасалды. Ал­дағы уақытта төрткүл дүниенің мықты ой шеберлерімен осы сайтқа кіру арқылы элек­трондық бағдар­ламада тоғызқұмалақ ойнауға, ойын шеберлерінің партия­ла­рын талдауға, сақтауға болады. 2009 жылы 19-26 қазан ара­лығын­да Шымкентте тоғызқұма­лақ­тан Азияның бірінші ашық чем­пионаты болып өтті. Чемпионатқа 9 елден барлығы 31 ойыншы қа­тысты. Қазақ­стан, Қырғызстан, Өз­бек­стан, Әзір­бай­жан, Түркіменстан, Ресей, Мон­ғо­лия, Қытай, Түркия ел­дерінің ойын­шылары өнер көр­сетті. Содан кейін былтыр 1-7 қараша күндері Астана қаласында тоғызқұ­ма­лақтан бірінші әлем чемпионаты өтті. Оған төрт құрлықтың 16 елінен барлығы 43 ойыншы қатысты. Ха­лықаралық тоғызқұмалақ қауым­дас­­тығы құрамы тағы 7 елмен толықты. 1 наурыздан бастап ақпараттық ке­ңіс­тікте тоғызқұмалақты насихаттау үшін жаңа www.9kumalak.kz сайты ұсынылды. 2009 жылдың қыркүйек айынан бастап www.iggamecenter.com сайтын­да то­ғыз­құмалақты онлайн-режімінде ойнай­тын бағдарлама жасалды. Оның авторы канадалық Арти Сандлер болды. 2010 жылдың қараша айында то­ғызқұмалақтың Қазақстандағы тұң­ғыш компьютерлік бағдарламасы жа­салды. Ал мұның авторлары С.Ақ­таев, Д.Кенина, Е.Шамбаев деген азаматтар. Дастан КЕНЖАЛИН.