13 Мамыр, 2011

Еңбекпен қамтудағы тың бағыт

366 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетовпен әңгіме – Біржан Бидайбекұлы, Ең­бек пен халықты әлеумет­тік қорғау министрлігі халықты жұмыспен қамтудың үш ба­ғыт­тан тұратын жаңа жоба­сын жасап шыққаны белгілі. Қанатқақты жоба қай өңір­лерде басталмақ? – Елбасы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» атты Жол­дауында облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкім­дерімен бірлесіп Үкіметке 2011 жылғы 1 мамырға дейін халықты жұмыспен қамтудың жаңа бағ­дар­ламасын әзірлеуді тапсырған еді. Осы тапсырма бойынша Үкімет биылғы жылдың 15 ақ­панында мақсаты тұрақты және өнімді жұмыспен қамтуға жәр­демдесу арқылы халықтың та­бысын арттыру болып табыла­тын «Жұмыспен қамту­-2020» бағдарламасын бекітті. Осы бағдарлама бойынша алғашқы, яғни биылғы жылы еліміздің 5 өңірінде қанатқақты жоба қолға алынады. Олар – Шығыс Қазақ­стан, Қарағанды, Павлодар, Қы­зылорда және Оңтүстік Қа­зақстан облыстары. – Бағдарлама шеңберінде ауылда кәсіп ашқысы келетін ынталы адамдарға 3 млн.тең­геге дейін несие берілетіні белгілі. Бұл қолы қысқа жандарға үлкен демеу болары анық. Өйткені, несие ставкасы төмен екен. Бірақ қарыз кәсіптің қай түріне, қандай шарттармен беріледі? Кепілдікке ауылдағы мүлік алына ма? – Жалпы, бұл бағдарлама аза­маттардың экономикалық бел­сен­ділігін жеке ісін ұйымдас­тыру арқылы кәсіпкерлікке ын­таландыруды арттыруға бағыт­тал­ған. Бағдарламаның бірінші бағытына жеке ісін ұйымдас­ты­руды қалайтын әрі оған мүмкін­дігі бар азаматтар қатыса алады. Оның ішінде, өз ісін ауылда ұйымдастыруды қалайтындар­дың мүмкіндігі молырақ. Бұл бағыт шеңберінде азаматтарға ша­ғын несие беру, өндірістік ин­фра­құрылымды дамыту, кон­суль­тативтік қызмет көрсету, кә­сіпкерлік негіздерін оқыту сын­ды мемлекеттік қолдау түрлері көрсетіледі. – Несиелеу жүйесі қандай қаржы құрылымдары арқылы жүзеге асырылады? Оған ша­ғын несиелік ұйымдарды қа­тыс­тыру жоспары бар ма? – Шағын несие беруді ұйым­дас­тыру үшін бағдарлама опера­то­ры, яғни Үкімет белгілеген тәр­тіппен жергілікті атқарушы орган­дарға 5 жыл мерзімге бюджеттік несие береді. Ал олар өз кезегінде мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, микрокредиттік ұйымдарды немесе несиелік серіктестіктерді бағдарламаға қаты­су үшін іріктеу ережесі мен критерийлерін айқындайды. Кейбір шарт­тарын айта кетсем, респуб­ли­калық бюджеттен берілетін бюджеттік несие жергілікті атқару­шы органға қайтарымдылық, қам­тамасыз ету, жеделділік және ақы­лы қағидаттар негізінде ұсыныла­ды. Ал бюджеттік несиенің ныса­налық мақсаты жеке ісін ұйым­дас­тыру немесе кеңейту, айналым капиталын толықтыру. Бұл несиелер тұтынушылық мақсаттарға, бұрынғы қарызды өтеуге және жылжымайтын тұрғын үй алуға берілмейді. Беру мерзімі бес жылдан аспайды, сондай­-ақ оның ең жоғары сомасы 3 млн.теңге. Несие бойынша сыйақыны төлеу және негізгі қарызды өтеу бойын­ша 1 жыл мерзімге жеңілдікті кезең ұсынылуы мүмкін. Оның тәртібін жергілікті атқарушы орган бағдарлама операторымен келісе отырып айқындайды. Ал облыстарда жергілікті атқарушы орган шағын несие беретін уәкі­летті органды өзі анықтайды. Ал олар ережеге сәйкес бағдарламаға қатысу үшін микрокредиттік ұйым­дарды іріктеу бойынша ашық конкурс өткізеді. – Жұмыссыз жүрген жандар­ды өндірістік аймақтарға тарту бір облыс шеңберінде ғана жүзе­ге аса ма, әлде азаматтарға дұ­рыс кәсіп табылса, облыстан об­лысқа ауысуға жағдай жасала ма? – Бағдарламаға қатысушыға 3 бағыт бойынша басқа өңірлерден жұмыс ұсынылды делік. Бұл жағдайда қатысушыға қойылатын басты талап олардың өзін-өзі жұ­мыспен қамтыған, аз қамтылған әлеуметтік топтан және ауыл тұр­ғыны болуы міндетті. Осы жағ­дайда ғана бағдарлама шеңберін­де жаңа елді мекенге көшу шығы­нына қаржылай көмек көрсетіліп, жеңілдетілген шарттармен арен­да­лық баспана ұсынылады. Сон­дай-ақ, жаңа тұрғылықты жері бойынша оқу курстарынан өтіп, кәсібінің қыр-сырын меңгереді. Ал өзге аймақтарда жұмыс істейтін азаматтарды сол ортаға психо­логиялық тұрғыдан бейімдеу секілді көмектер қарастырылады. – Бұл азаматтар үшін жалға баспана қандай шарттармен беріледі? Отбасы мүшелерінің саны, жұмысшы біліктілігі ескеріле ме? – Жалға берілетін үлгілік тұрғын үй салуды немесе сатып алу­ды, сондай ақ тұрғын үй құ­рылысы аудандарында инженер­лік-коммуникациялық инфрақұ­ры­лымды жобалауды, дамытуды, абаттандыруды және жеке құры­лыс салушылардан сатып алуды жергілікті атқарушы органдар жү­зеге асыратын болады. Құрылыс­ты қаржыландыру республикалық бюджеттен берілетін несие есебінен жүзеге асырылатын болады. Бұл тұрғын үйлерді сатып алу немесе сатып алмау бағдарлама қатысушысының өз еркінде. Жаңа тұрғылықты жеріне келгеннен кейін бағдарламаға қатысушының бірге тұратын отбасының жан ба­сына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен аз күйінде сақталған жағдайда тұрғын үйді сатып алу, жалдау мерзімі кезеңінде тұрғын үй құны төлемін толық ескере отырып, 15 жыл ішінде жүзеге асырылуы мүмкін. Жалға берілетін тұрғын үйді беру ережесін бағдарлама операторы мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесе отырып әзірлеу үстінде. – Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Венера ТҮГЕЛБАЙ.