Қоршаған ортаны аялау барша адамзаттың парызы десек, сол табиғат ананың ертеңіне бүгіннен алаңдаудың артықтығы жоқ секілді. Қай нәрсенің де алдын-ала отырып жүйелі жұмыстар атқарса, оның берері де мол болмақ. Міне, осы тұрғыда Астанада халықаралық маңызы бар сулы-батпақты жерлер туралы Рамсар конвенциясының 40 жылдығы мерекесі шеңберінде Конвенция Хатшылығы (Швейцария) ел Үкіметінің ғаламдық маңызы бар сулы-батпақты жерлерді сақтау жөніндегі жобасымен бірлесіп «Биоалуантүрлілікті сақтау және сулы-батпақты жерлердің ресурстарын орнықты пайдалану» атты халықаралық ғылыми-техникалық конференция өткізді. Оған Италия, Беларусь, Украина, Ресей, Өзбекстан және Қырғызстаннан сарапшы мамандар мен еліміздің бірқатар министрлігінен өкілдер қатысып, ой бөлісті.
Жоба менеджері Талғат Кертешевтің айтуынша, конференцияның негізгі мақсаты ТМД елдерінде сулы-батпақты жерлерді сақтау жөніндегі қызметтің нәтижелерін көрсету болып табылады. Басқосуға қатысушылар биологиялық алуантүрлілікті сақтауда, сулы-батпақты жерлердің экожүйелерін сақтау саласындағы заңнаманы жетілдіруде, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи аумақтар желісін дамытуда және баламалы қызмет түрлерін енгізуде тәжірибелер алмасты. Конференция барысында СБЖ басқару саласындағы заңнамалық базаның өзекті мәселелері, биоалуантүрлілікті сақтау жолдары, экоағарту мен экобілімді және СБЖ ресурстарын орнықты пайдалану әдістерін енгізу жөніндегі түрлі қадамдар талқыланды. Сонымен қатар, Рамсар нысаны және ЮНЕСКО табиғи мұра нысаны болып табылатын Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесіне экскурсия да конференция бағдарламасына енгізілген.
Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман және аңшылық шаруашылығы комитетінің төрағасы Ерлан Нысанбаев сулы-батпақты жерлерді сақтау, яғни табиғатына барынша қамқор болу әр адамның азаматтық парызы екенін айта келе, бұл тұрғыда кейінгі жас толқынның атқарып жатқан жұмыстары көңіл қуантатындығына тоқталды. Туған топырақ табиғатын көздің қарашығындай сақтап, оларды былайғы жұртқа таныстыруда арнайы орталықтардың жұмыстарын да ерекше атады. Сондай-ақ, ол Қорғалжын қорығына келіп қонатын қоқиқаздардың бұдан бес-он жыл бұрынғы саны 30-40 мыңды құраса, кейінгі жылдары бұл көрсеткіш 80 мыңға жуықтағанын да назардан тыс қалдырмады. Бұл, әрине, қуанышты жағдай. Мұнда бұл тыныштық факторының сақталып отырғандығының белгісін байқатады, деді ол.
Осыдан тура қырық жыл бұрын Иранның Рамсар қаласында ең алдымен суда жүзетін құстардың тіршілік ету орны ретінде халықаралық мәні бар сулы-батпақты алқаптар туралы конвенцияға қол қойылса, бұл құжат одан әрі Рамсар конвенциясы (Ramsar Conbention) атауына ие болған. Қазіргі таңда құжатқа 160 мемлекет қол қойса, дүние жүзі бойынша 1900-ден астам табиғи аумақ халықаралық маңызы бар СБЖ-нің Рамсар тізіміне енгізілген. Еліміз аталған конвенцияға 2007 жылдың мамырында қосылған. Бүгінгі күні конвенцияның халықаралық тізіміне Қазақстанның 7 сулы-батпақты жерлері кіреді. Олар: Теңіз-Қорғалжын көлдер жүйесі, Алакөл-Сасықкөл көлдер жүйесі, Жайық өзенінің атырауы мен оған іргелес Каспий теңізінің жағалауы, Жарсор-Орқаш соры, Қойбағар-Тымтәуір көлдер жүйесі және Наурызым көлдер жүйесі.
Әбдірахман ҚЫДЫРБЕК.

Жетісу Жұматай Жақыпбаевтың алдындағы қарызын өтеді
Аймақтар • Бүгін, 14:13
Президент бала өмірін арашалап қалған дәрігерлердің еңбегін үлгі етті
Президент • Бүгін, 14:00
Тоқаев: Цифрлық технологияның арқасында диагностика жасау уақыты 4 есе қысқарды
Медицина • Бүгін, 13:50
Астана медицина университетіне Төрегелді Шармановтың есімі беріледі
Медицина • Бүгін, 13:42
Мемлекет басшысы ауылдағы дәрігер тапшылығы мәселесін көтерді
Президент • Бүгін, 13:37
Президент: Қазақстан озық технологияларды медицинаға белсенді түрде енгізіп жатыр
Президент • Бүгін, 13:27
Тоқаев: Өркениетті мемлекет құру үшін бірінші кезекте халықтың мәдениеті жоғары болуға тиіс
Президент • Бүгін, 13:20
Президент: Былтыр Қазақстанда орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жақындады
Президент • Бүгін, 13:13
Әлемдік туризм рейтингінде Қазақстан нешінші орында тұр?
Туризм • Бүгін, 13:05
Қасым-Жомарт Тоқаев: Дәрігерлердің қауіпсіздігі айрықша назарда
Президент • Бүгін, 12:57
Мемлекет басшысы: Жаңа Конституцияда ұлт саулығы ұғымына алғаш рет кең ауқымда назар аудардық
Президент • Бүгін, 12:49
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтады
Медицина • Бүгін, 12:30
Ел аумағында шомылу маусымы басталғалы 29 адам суға батып кетті
Төтенше жағдай • Бүгін, 12:27
Елімізде жалған нөмірмен жүрген 500-ден астам көлік анықталды
Қоғам • Бүгін, 12:23
IT Quest: Елімізде технологиялар мен ЖИ-ге арналған квест өтеді
Технология • Бүгін, 12:05