13 Мамыр, 2011

«Назарбаев зияткерлік мектебі» жанынан «Түлектер» аллеясы ашылды

609 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Биыл аңсап жеткен тәуел­сіз­­дігіміздің 20 жылдық мерейі­не деген игілікті істер қатары толыға түсуде. Еркін тыныс­тап, көк байрағымызды биікке көте­ріп, алыс-жа­қын­дағы елдерге бірлігіміз бен ынты­ма­ғы­мызды паш етіп келеміз. Бола­шақ қоғамның белсенділері – жастарға деген қам­қорлықта да шек жоқ. Тек тал­пын, жастық жі­геріңді жа­ны. Жанатын жүрекке мүмкін­ді­гінше қолдау бар. Осы мақ­сатта өткен жылы Талды­қор­ған қаласында ашылған «Назарбаев зияткерлік мектебіндегі» шә­кірттер білікті ұстаздардан білім алып, бәсекеге қабілет­ті­лік­терін дамыту үстінде. Мектеп оқушылары үздік білімдерімен бірге, жалпы аумағы 3,5 гектар жерді көгалдандырып, көктемде «Түлектер» аллеясы­ның іргетасын қалады. Мектеп ұстаздары мен шәкірттері 250 ақ­қайың көшетін отырғызып, гүл­зар­лардың орнын белгіледі. Көк­тем­нің әр күнін тиімді пайда­лан­ған олар арнайы жоба бойынша шырша, сәмбітал, үйеңкі, роза, тағы басқа көркіне көз той­майтын саялы ағаш отырғызды. – Биыл ел мерейінің 20 жыл­дығы мен Талдықорған қала­сы­ның облыс орталығы болып қай­та құрылғанына 10 жыл толады. Әрине, бұл – баршамыз үшін үл­кен қуаныш. Оқушылардың ой-өрісін кеңейтіп, арманға құлаш ұруына жол ашу мақсатында білім шаңы­ра­ғын көркейтудегі ұтымды, көр­кем жобалар пай­да­ланы­лу­да. Сон­дай-ақ мәде­ни, спорт­тық жарыстар да өт­кізілуде. «Ме­нің Отаным – Қазақстан», «Менің Президентім», «Туған жер – тұнған тарих», тағы бас­қа та­қырыптарда кештер ұй­ым­­дас­ты­рылып, ел­жанды­лық қа­сиет­терге кеңінен жол ашы­луда. Мектептің атына заты сай бо­лады, дейді зияткерлік мектеп директорының орын­ба­­сары Мәдина Саты­бал­динова. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.