17 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы № 327

397 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 31 наурыз               № 327                      Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 ақпандағы № 138 қаулысына өзгеріс енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді жүзеге асыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 ақпандағы № 138 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 5, 68-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшілерге, ішкі істер органдарының, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің, қаржы полициясы мен мемлекеттік өртке қарсы қызмет органдарының арнайы атақтар берілген және Қазақстан Республикасының заңнамасында ішкі істер органдарының қызметкерлері үшін белгіленген тәртіп қолданылатын қызметкерлеріне зейнетақы төлемдерін, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемін және мемлекеттік базалық әлеуметтік жәрдемақыларды тағайындау мен төлеуді жүзеге асыру ережесінде: көрсетілген қаулының 2-қосымшасында: «Зейнетақы тагайындалған күні______ ж. «___» _____________» деген жол мынадай редакцияда жазылсын: «_________(негіздеме көрсету) Заңының_______-бабы__________-тармағына сәйкес толық/толық емес стажы бойынша (қажетін сызу) зейнетақы тагайындалған күні_____ж. «____»__________». 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. Қазақстан РеспубликасыныңПремьер-Министрі К. МӘСІМОВ.