19 Мамыр, 2011

Томдағы туысқандар

585 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
Бұдан бірер жыл бұрын Қазақстан елшілігі «Казахи России» деген жаңа жобаны қолға алып, соның негізінде екі том­дық өмірбаяндық анықтама­лық­ты екі мәрте жарыққа шығарып еді. Онда тіршілігі Ресеймен бай­ланыс­ты болған тарихи тұл­ға­лар, бүгін­де осы елде тұрып жат­қан қандас ағайындар тура­лы өмірбаяндық деректер берілген болатын. Атал­ған кітаптар ресейліктер ара­сын­да кең тара­лып, бүгінде қолға түспейтін қат басылымның біріне айнал­ға­нын уақыттың өзі дәлел­деді. Анықтамалық басылымды жа­ңар­тып, толықтырып, қайта шы­ғару қажеттігі жөнінде Қазақ­стан мен Ресейдің азамат­тары­нан елшілікке түсіп жатқан өті­ніштер де аз емес. Әрине, оның сәтін Алла біледі. Дегенмен, сырт жүрген ағайынға бірін-бірі етене біле түсу үшін дәл қазір нақ осындай үлгідегі өмірбаян­дық-анықтама­лық басылымдар аса қажет екендігі байқалуда. Бір­қатар отандас­тарымыз тектес ба­сылым алдағы уақытта «Ресейдегі қазақ­стан­дық­тар» деген жалпы атаумен шы­­ғарылған жағдайда, ол көп­ұлтты еліміздің кешегісі мен бүгі­нін жан-жақты бейнелер еді деген пікірде. Жал­пы елшілік шығарған «Казахи Рос­сии» ба­сылымынан үл­гі алып, соңғы кездері қазақ­тар­дың қоғамдық ұйым­дары өз өңір­лері бойынша осы іспетті анық­та­малық басылым шы­ғару жайын ойластыра бастады. Сондай кі­тап­тың бірі жақында қолымызға тиді. Ол «Казах­станцы в Томске» (Том полите­х­никалық инсти­туты­ның баспасы, 2011) деп аталады. Жалпы Том қазақ өмірінен қа­шық тұрған жер емес, талай асыл тұлғалар осы шаһардың дәм-тұ­зын татты. Академик Қаныш Сәт­баевтың 1926 жылы Томск поли­тех­никалық институтын геология мамандығы бойынша бітіріп, тау-кен инженері болып шыққаны­ның өзі осы өңірмен байланысты ауыз толтырып айта алатын тарихи дерек. Қазақстанның қолдау-кө­мегімен, Том қазақтарының ық­палымен осыдан бірер жыл бұ­рын қалада Қаныш Имантай­ұлы­ның ескерткіші ашылды. Міне, сол Томдағы қазақ­стан­дықтарға арналған кітапқа тоқ­сан­нан астам жерлестеріміздің өмір­баяндық деректері еніпті. Олар әр ұлттың өкілдері, бірі – Қазақстанда туып өскен, екіншісі – сонда білім ал­ған, үшіншісі – еңбек жолын біз­дің елімізде бас­таған. Бірақ қазір Ресейде тұрып жатса да, бұлардың бәрін «Қазақ­стан» деген қасиетті жер, қазақ деген қонақжай ел, жү­регі кең халық ұғымы біріктіреді. Кітаптың алғысөзінде Том қа­ла­сының мэрі Николай Николайчук (Павлодар индустриялық инс­титутының түлегі, бұрын қала­дағы үшінші ТЭЦ-те ауысым бас­тығы болып еңбек еткен) Батыс Сібірдегі Том өңірі Қазақстанмен шектеспесе де, көрші елмен ты­ғыз бай­ла­ныс­­тары бар екенін, об­лыстың Қа­зақстанмен екі арадағы тауар айна­лымы жылдан жылға артып келе жатқанын, қазір Том қаласының жо­ғары оқу орын­да­рын­да он мың­нан астам қазақ­стан­дық жастар білім алып жүр­генін, өңір экономи­касының, ғы­лы­ми-білім беру кеше­ні­нің қа­лып­тасып, дамуына Қазақ­станнан шыққан азаматтардың елеулі ең­бек сіңіріп келе жатқаны жайында баяндаған. Томда тұратын, жинаққа өмір­баяндық деректері берілген бар­лық қазақстандықтардың есімін тізбелеу мүмкін емес, әрине. Сон­дықтан олардың арасынан алыста жүрген кейбір қандас ағайынның аты-жө­нін айта кетейік. Мысалы, Шыңғыс Мәметұлы Ақатаев қазір «МБРР» акционерлік ком­мер­ция­лық банкі Томск филиа­лы­ның бас­қарушысы, Бахытжан Қуа­ныш­ұлы Аманов – кәсіп­орын жетекшісі, Талғат Барат­ұлы Атеев менеджер, биология ғы­лым­дары­ның докторы Равик Ра­вилұ­лы Ахмеджанов – Томск поли­техни­ка­лық университеті­нің (ТПУ) про­фессоры, Сұл­тамұрат Ислам­ұлы Баекенов – кәсіпорын дирек­торы­ның орын­басары, Қайырғазы Қы­лымғазы­ұлы Ержебаев – ком­мер­­циялық директор, Жанар Қа­нат­­бек­қызы Смағұлова – Ресей те­ле­арнасы Том қаласындағы компа­ния­сы­ның тележурналисі, т.б. Кітапты Том қаласында тұра­тын танымал отандастарымыз – хи­мия ғылымдарының докторы, про­­фессор Әбдіғали Әбді­ма­нап­ұлы Бәкібаев пен Қазақстан Рес­публи­ка­сының Ресей Федера­ция­сы­ның Томск облысы бойын­ша уәкілетті сауда өкілі, Том қазақтарының өңір­лік «Бірлік» қоғамдық ұйымы­ның жетекшісі Қанатбек Сейсен­ұлы Смағұлов және ТПУ доценті Марина Тар­тынова құрастырған. Серікқали БАЙМЕНШЕ,  «Егемен Қазақстан» –  Мәскеуден.