20 Мамыр, 2011

Бисенғали ТӘЖІЯҚОВ: «Жаңа уақытқа төлемнің жаңа құралдары қажет»

341 рет
көрсетілді
26 мин
оқу үшін

Ұлттық Банк хабарлайды, түсініктеме береді, түсіндіреді

  Жуырда Парламент Мәжілісі «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне электрондық ақша мәселелері бойынша өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы»  Қазақстан Республикасы Заңының жобасын мақұлдады. Құжат қазір Парламент Сенатының қарауында жатыр.  Осы заңды қабылдау қажеттігі немен байланысты болды және ол ақша қатынастарының әдетті үдерісіне  қандай өзгерістер енгізеді? Бұл туралы Ұлттық Банк Төрағасының орынбасары Бисенғали ТӘЖІЯҚОВТАН толығырақ сұрайық. Қолма-қол ақша  да емес, карта да емес, бірақ төлемге қабілетті – Бисенғали Шамғалиұлы, анықтаудан бас­тайық. Дегенмен тақырып біршама жаңа бо­лып отыр: әркім ақшаның не екенін және элек­трониканың не екенін біледі. Бірақ олар­дың бірге қалай «жұмыс істейтінін», пластик кар­та­дан несімен өзгешеленетінін және қандай мүм­кіндіктер ашатынын елдің бәрі біле бермейді? – Электрондық ақша – технология мен экономиканың түйісуінен пайда болған соңғы жаңартулардың бірі. Бірақ олар – төлем карточ­калары емес және оның бір түрі емес. Элек­трондық ақша Интернеттің сансыз көп пайдала­ну­шылары арасында ол бойынша тауарлар мен қызметтерді сатып алған кезде жылдам әрі қауіпсіз есеп айырысулары үшін қызмет етеді. Олар мұнда да электрондық коммерция нарығы­ның жаңа бөліктерін дамытуға зор мүмкіндік ашады. Оларды енгізу елдегі Интернет-коммер­ция­ны әрмен қарай танымал етуге және дамыту­ға жағдай жасайды: отандық қаржы институт­тары теңгелік электрондық ақшаны шығаруға мүмкіндік алады, ал Интернет-пайдаланушылар оларды заңдық негіздерде пайдаланды. Соның арқасында Интернет арқылы төлем жеңіл әрі қолайлы бола түседі.  Үйде Интернетке қосылған компьютер алдында отырып-ақ кла­виа­тураны бір-екі басып  сатып алынған тауарға ақы төлей бересіз.  Мысалы, ақылы ақпаратты не­месе қызметтердің басқа түрін санаулы се­көнт­­­тер ішінде алуға қол жеткізесіз. Электрон­дық ақша көме­гімен Интернет-дүкеннің сайтын­да on-line сервистер қызметтері үшін есеп айы­рысып қана қоймай, үшінші жеке тұлғалардың пайдасына нақты уақыт режімінде тез аударым­дар және басқа көптеген операцияларды жасау мүмкіндігі пайда болады. Қазақстандық нарық осындай жаңалық­тарды әлдеқашан қажетсініп отыр. – Көпшілігіміз электрондық коммерция қызметтерін пайдаланып та жүрміз. Бізді қандай өзгерістер күтіп тұр? – Мен бұл үдеріс эволюция жолымен бірте-бірте дамып келеді дер едім және біз сервистерді дамытудың келесі кезеңіне өтеміз. Қазір біз тө­лемнің жылдам жүргізілуін талап ететін Интернет мүмкіндіктерімен байланысты қызметтер­дің мүлдем жаңа түрлерінің қалай дамып жатқаны­ның куәсі болып отырмыз. Мұны әсіресе өмірле­рінің ажырағысыз бөлігі Интернет болып отыр­ған жастар қарқынды пайдаланады. Күн өткен сайын Интернет желісінде есеп айырысуларға арналған жаңа төлемдік технологияларға және электрондық төлем құралдарына қызығушылық өсе түсуде.  Онлайндық сатып алулардың толық шешімі төлем карточкаларын пайдалану болып отыр. Содан кейін төлемнің жаңа құралы – Интернет желісінде  барынша кеңінен пайдаланы­ла­тын электрондық  ақша пайда болды. Электрондық  ақшаға соңғы жылдары көпте­ген мемлекет назар аудара бастады.  ТМД елдерінде электрондық ақшаның айналысын заңна­ма­лық реттеу бойынша жұмыс айтарлықтай жан­данды.  Тиісті нормативтік актілер қазірдің өзінде Белоруссияда, Украинада және Арменияда қабылданды. Ресейде осындай заң жобасы Мемлекеттік Думаның қарауында жатыр. Бұл үдеріс бірте-бірте Қазақстанда да дамуда.  Нарыққа ондаған бірнеше Интернет-дүкен әлдеқашан берілген, олар үшін Интернет-төлем­дерге арналған инфрақұрылымның дамы­мауы  басты проблемалардың бірі болып отыр.  Бұл ретте қазақстандық заңнамада осы уақытқа дейін электрондық  ақша шығаруды және пайдала­нуды реттейтін құқықтық нормалар ғана емес,  «электрондық ақша» түсінігінің өзі де болған жоқ. Қазақстанда электрондық ақша мәртебе­сінің құқықтық реттелмеуі менің пікірімше, осы сияқты жаңартулардың енгізілуін тоқтатады және дамуын тежейді. Осы заң жобасы электрондық ақша түсінігін енгізеді және оның Қазақстан аумағындағы ай­налысына құқықтық негіз жасауға бағытталған.  Осы құжатты әзірлей отырып, біз «электрондық ақша» түсінігінің және мәртебесінің құқықтық айқындығын жасау, осы саладағы технология­лық жаңа енгізулер жолындағы кедергілерді жою, сондай-ақ  электрондық ақшаны пайдала­нушылардың мүдделерін қорғау үшін құқықтық механизм жасау міндеттеріне сүйендік. Заңның арқасында Интернеттегі және өзге телекомму­ни­кациялық желілердегі сауда операциялары бойын­ша  есеп айырысулардың жылдамдығы мен тиімділігі айтарлықтай жоғарылайды.  Бұл өз кезегінде Қазақстанда экономиканың барлық субъек­тілерінің мүддесіне онлайндық қашықтықтан қызмет көрсетулердің жаңа түрлерінің әрмен қарай дамуына, кәсіпкерлікті және қашықтықтан  сауданы дамытуға қосымша жағдайлар жасауға мүмкіндік туғызатын болады, сондай-ақ халық үшін қаржылық қызметтердің қолжетімділігін арттыруға жағдай жасайды. Қарым-қатынасты  заңдастырамыз –  Заң қалыптасқан практикаға қандай түбегейлі өзгерістер енгізеді? – Бүгіндері біздің еліміздің аумағында шетелдік эмитенттер шығарған электрондық ақша­ның таралуы байқалып отыр.  Мұндай ахуал елі­міздің аумағында электрондық ақшаны бақы­лау­­сыз шығаруға және пайдалануға жағдай жасай­ды және бұл жүйені қазақстандық  пайдалану­шылардың заңмен қорғалмағандығы мен оларды өтеудің анық кепілдіктерінің болмауы көп сұрақ­тар тудырады және біздің мүддемізге жауап бермейді.   Сондықтан бізге тиісті құқықтық өріс жа­саған маңызды. Заң жобасын қабылдау Интернеттің қазақ­стандық сегментінің ішкі қажеттіліктеріне бағ­дар­ланған электрондық ақшаның отандық жүйе­сін құру үдерісін іске қосуға және елімізде олардың айналымына мемлекеттік бақылау орна­туға мүмкіндік береді. Пайдаланушылар заң шығарушылардың алдына шықты – Заң жобасын қарастырған кезде көптеген азаматтар сияқты депутаттар да электрондық ақ­­шаны төлем карточкаларымен және элек­трон­дық төлемдердің өзге түрлерімен шатыстырды... – Біз жаңа қаржылық «өнім» туралы айтып отырғандықтан бұл әбден түсінікті. Сондықтан электрондық ақша мәселесінің мәні мен табиға­тын жете түсінбеген жекелеген жағдайлардан осы тақырыпқа табиғи қызығушылық пайда болды және туындады.  Бұл заң жобасының Мәжілісте едәуір ұзақ талқылану себептерінің бірі болды. Парламенттің төменгі палатасының депутаттары заң жобасын қарауға белсене қатысып, оны жақ­сар­татын және осы салада тиімді құқықтық орта құруға жағдай жасайтын бірқатар құнды түзету­лер енгізді. Біз оларға дән риза бола отырып, осы түзетулер үшін алғыс айтамыз. Қазір Интернет-пайдаланушылардың белгілі бір бөлігі осы құрал жайлы естіп қана қойған жоқ, онымен әбден таныс. Соңғы дерек бойынша ресейлік жүйелердің біріне ғана тіркелген қазақ­стандықтар саны 40 мың пайдаланушыдан асып кетті. Оның басым бөлігі – жастар.  Олардың элек­трондық ақшаны қолданудағы негізгі саласы – желіден «цифрлық» тауарлар сатып алу, онлайндық ойындарға қатысу, түрлі Интернет-сервистерге кіру болып отыр. Электрондық ақша – бұл төлем карточкала­рынан мүлдем бөлек және тәуелсіз төлем құралы. Олардың арасындағы айырмашылық төлем кар­точкасының банк шотына кіру құралы болып та­бы­латын­дығында. Төлем карточкалары бойынша операциялар жүргізу кезінде барлық операция клиенттің банк шотынан жүзеге асырылады.  Элек­трондық ақша банк шотына байлаулы емес және оларды пайдалана отырып операциялар жүр­гізген кезде төлем бір электронды құрылғыдан бас­қа­сына электрондық ақша беру жолымен жүзеге асырылады. Әрбір  банк  -  өзіне-өзі  электрондық «Банкнот» бола алады – Электрондық ақша шығару құқығы кімге беріледі? – Заң жобасында Қазақстан аумағында элек­трондық ақшаны екінші деңгейдегі банктер ғана  шығаратыны көзделіп отыр. Бұл оларды шығару бойынша қызметтің жеке тұлғалардың ақшасын тар­­­­тумен, сондай-ақ бірқатар басқа банк опе­ра­ция­­­ларын орындаумен байланысты екендігін білдіреді. Осы мәселені қараған кезде оларды пайда­ла­нушылардың құқықтарын және мүдделерін қор­ғау, олардың қаражатының сақталуын қамта­ма­сыз ету және айналымға шығарылған электрондық ақша бойынша ақшалай міндеттемелердің сенімді орындалуын қамтамасыз ететін механизм жасау басты  міндет болып қойылды.   Сондықтан заң жо­басында мұндай құқықтың эмитент-кепілгер бола­тын екінші деңгейдегі банктерге берілуі кездейсоқ емес және олардың қызметі пруденциалдық рет­теу­ге, мемлекеттік қаржылық қадағалауға жатады. Электрондық ақша нарығын серпінді дамытуға және кәсіпкерлік ортаны жандандыруға жағдай жасау  мақсатында  заң жобасы электрондық ақша жүйесіне басқа заңды тұлғалардың олармен жа­салған шарттары негізінде банктердің агенттері ретінде қатысу мүмкіндіктерін көздейді.  Яғни жеке ұйымдар эмитент банктер айналымға шығарған электрондық ақшаны таратумен айналысады.  Қаржылық қатынаста сенімді банк ұйымы ретінде электрондық ақшаны айналысқа шығаратын, клиенттер қаражатының сақталуына кепілдік береді, ал жүйе агенттерінің функциясын жеке банктік емес ұйымдар (агенттер) орындайды. … «Агенттердің»  ауқымды желісі – Электрондық ақша шығару және тарату жүйесі қалай жұмыс істейді? – Схемасы айтарлықтай қарапайым. Клиент эмитентке белгілі бір нақты ақша (қолма-қол ақша немесе қолма-қол ақшасыз) сомасын береді және өз ақшасының орнына «электрондық әмиян» деп аталатын электрондық ақша алады. Электрон­дық әмиян клиентке тиесілі электрондық ақшаны (әдеттегі әмиянға ұқсас) сақтау және оларды пай­даланып операциялар жүргізу үшін пайдала­ны­лады. Бұдан әрі электрондық әмиянды эмитент банкке қолма-қол ақша енгізу не өзінің банктегі шотынан аудару жолымен толтыруына болады. Электрондық әмиянға кіру кодтардың, пароль­дердің, логин немесе электрондық-цифрлық қол­таң­ба көмегімен электрондық ақша жүйесінде жүзеге асырылуы мүмкін. Электрондық ақша шы­ғару жеке тұлғалардан алдын ала дәлме-дәл алынған шекте, яғни толық алдын ала төлем жасау жағдайында жүзеге асырылады. Эмитент банк оларды өзі фи­лиал­дық желілер, банктік қызмет көрсету орталық­тары арқылы не агенттік желі арқылы тарата алады. – «Қазпочта» АҚ электрондық ақша эми­тет­терінің қатарына енбеген бе? –  Үкімет «Электрондық ақша» жобасының осы кезеңінде Қазпочтаның қатысуының мақсатқа сай еместігі туралы шешім қабылдады. Бірақ тұтастай алғанда заң жобасы электрондық ақша жүйесіне Қазпочтаның қатысуын жоққа шығар­майды.   Қазпочтаның электрондық ақша эмитент банктерінің агенті ретінде жұмыс істеуіне, өзінің тармақталған желілерін пайдалана отырып, оның ішінде ауылдық жерлерде оларды таратумен айналысуына болады. Қазпочтаны электрондық ақша эмитенттерінің құрамына енгізу туралы мәселені қараған кезде маңызды құқықтық қақтығыс пайда болды. Бұл Қазпочта қызметінің «Почта туралы» ҚР Заңымен реттелуіне және Қазақстан аумағында элек­трондық ақша  шығару және пайдалану мәсе­лелерін реттейтін «Ақша төлемі мен аударымдары туралы» ҚР Заңының заңды құзырынан тыс тұрғандығына байланысты. Шексіз сатып алулар. Бірақ тек жеке тұлғалар  үшін ғана – Заң жобасында электрондық ақшаны тек қызметтер сатып алуға пайдалануға  рұқсат берілетіні және тауарлар сатып алуға тыйым салынатыны шын ба? – Бұл шындыққа жанаспайды: оны қызметтер сатып алу сияқты тауарлар сатып алу үшін де пайдалануға болады. Заң жобасы электрондық ақшаны тек қана қызметтер сатып алуды ескертпейді және пайдалану саласын шектемейді. Бұл заңдық тұрғыдан да, сондай-ақ дұрыс пайымдау тұрғысынан да мағынасыздыққа ұрындырған  болар еді.  Заңды қабылдаудың негізгі мақсаты – сауда мәмілелері бойынша, оның ішінде Интернет ортада тауарларды онлайндық сатып алулардағы  төлемнің жаңа құралы ретінде электрондық ақ­шаны пайдалануға құқықтық жағдайлар жасау. Бұл ретте заң жобасы экономика салалары, жаса­латын азаматтық-құқықтық мәмілелердің түрлері мен үлгілері бойынша электрондық ақшаны пайдалануға қандай да бір шектеулер енгізбейді. – Электрондық ақшаны бәрі пайдалана ала ма? – Заң жобасының ережесіне сәйкес электрон­дық ақша тек қана жеке тұлғалардың тауарлар мен қызметтер сатып алулары үшін пайдаланылады.   Элек­­трондық ақшаны жеке тұлғалар сондай-ақ бас­қа пайдаланушы жеке тұлғалар аударымдарды жә­не эмитент айқындаған жағдайларда өзге опе­ра­ция­ларды жүзеге асырулары үшін пайдалануы мүмкін. Кәсіпкерлік субъектілерінің олардың жеткізген тауарлары және жеке тұлғалардың қызметі мен олар­ды өтеуі үшін тек электрондық ақша қабыл­дау­ға ғана құқығы бар. Олардың тұтынушы жеке тұлғалардан тауарлар, қызметтер үшін төлем  жа­сауы кезінде алған электрондық ақшасы егер тиісті шартта өзге мерзім көзделмесе, эмитент тара­бынан 3 жұмыс күні ішінде өтелуі тиіс.  Олар алған электрондық ақшаны өтеуді эмитент қолма-қол ақша тәртібінде емес, оның номиналдық құны бойынша тең ақша сомасын банк шотына аудару жолымен жүзеге асырады. Банктер айналысқа ақша шығарғандар  үшін де жауапты – Заң жобасында электрондық ақша көмегімен мәмілелерді реттеу және бақылау мәселесі ескерілген бе? – Қазақстанда өткен жылдан бастап «Заң­сыз жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыс­татуға) және терроризмді қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Заң қолданыста. Эмитент банктер қаржы мониторингінің субъектілері ретінде электрондық ақша шығарған және  олар шығарған электрондық ақшаны пайдаланып операциялар жүргізген  кезде  осы Заң талаптарына сәйкес шаралар қабылдауға міндетті болады. Банктер сон­дай-ақ эмиссиялардың барлық кезеңінде және сәйкестендірілмеген тұлғалардың электрондық ақша пайдалануларында заң жобасымен белгіленген лимиттердің сақталуын қамтамасыз етуге міндетті болады. Заң жобасы осы талаптарды бұзғандығы үшін эмитенттерге тиісті әкімшілік жауапкершілік енгізуді болжайды.  Осылайша, электрондық ақшаның эмитент банктері олармен жүргізілген барлық күдікті операцияларды зерттейтін, тіркейтін және ақшаны жылыстатумен байланысты заңсыз мәмілелер жүргізу үшін жүйені пайдалану мүмкіндігін болдырмау жөнінде шаралар қабылдайтын болады. Лимит бойынша және сәйкестендіру – Электрондық ақшаны пайдалана отырып сатып алулар мен операциялар жасауға заң жобасында қандай лимиттер белгіленген? – Заң жобасы жеке тұлғалардың сәйкестен­діру рәсімдерін өтпестен  белгіленген лимит – 100 айлық есептік көрсеткіш шегінде электрон­дық ақша сатып алуларына және пайдаланула­рына мүмкіндік береді.  Одан асатын операциялар кезінде азаматтар жеке басын куәландыра­тын құжаттарды эмитент банкке көрсете отырып сәйкестендіруден өтулері тиіс. Бұл талап халық­аралық практикадан, электрондық ақша табиға­тының өзінен туындайды. Тұтастай алғанда заң жобасында оның иесінің мәртебесіне қарай электрондық ақша шығару және пайдалану бойынша мынадай лимиттер белгіленген: 1) эмиссияның және электрондық ақшаның сәйкестендірілмеген  иесіне қатысты электрон­дық ақша пайдаланып жүргізген бір операция­ның ең жоғары сомасы – 100 АЕК; 2)  электрондық ақшаның сәйкестендірілген  иесі үшін бір операцияның ең жоғары сомасы – 500 АЕК. Бұл лимиттердің шекті мәні Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығымен, Қазақстан­ның Интернет қауымдастығымен және екінші деңгейдегі банктермен келісілген болатын.  Бұл нормалардың қабылдануы қазақстандық нарық­тың қазіргі талаптарына жауап береді және Қазақстан аумағында электрондық ақшаның әрмен қарай дамуына кедергі болатын қандай да бір теріс салдарларға жеткізбейді. –  Мәжілісте талқылау кезінде жасырын пайдаланушыға қатысты бір операцияның сома­сына лимит мөлшерін 100 АЕК-тен 10 АЕК-ке дейін, яғни 10 есе төмендету ұсынылды. Мұндай лимит немен байланысты болды? Бұл мәселе бойынша ашық пікірсайыс бол­ды. Біз бір операцияның рұқсат етілген сомасын соншама айтарлықтай қысқарту электрондық ақ­шаны пайдаланып жүзеге асырылатын операциялар шеңберін күрт шектеген болар еді және рес­публикада электрондық ақша нарығының одан әрі дамуына кері әсер етер еді деп есептейміз. Бұдан басқа, осы мәселені қараған кезде біз тұтастай халықаралық стандарттарға, жалпы әлемдік практикаға сүйендік. Лимиттің ұсыны­лып отырған мөлшері  – 100 АЕК – нарыққа қа­тысушылар қол жеткізген мүдделер балансын көрсетеді. Оның мөлшерін белгілеген кезде FATF арнайы ұсынымдарын және еліміз заңна­масының қолданыстағы нормаларын пайдалану әдісі мақсатты бағдар болып қызмет етті. Резидент емес мәртебесі  – эмитент емес – БАҚ-та кейбір шетелдік компания­лар­дың біздің нарықты өз бақылауларына алуы мүмкін деген жорамалдар айтылды. Бұл қауіп­тену қаншалықты дұрыс болып шықты? – Жоғарыда атап өткендей, еліміздің аума­ғында электрондық ақша шығаруға тек қана  Қа­зақстан резиденттеріне – екінші деңгейдегі банктерге рұқсат етіледі. Заңның қабылдануымен электрондық ақшаны пайдалана отырып  қазақ­стандық Интернет пайдаланушылар және мәмі­ле сатушылар (резиденттер) арасында жасала­тын­дардың барлығы отандық эмитенттер шы­ғар­ған және ұлттық валютада көрсетілген элек­трондық ақшаның көмегімен ғана жүзеге асыры­латын болады. Заң жобасы электрондық ақша эмитенттері ретінде Қазақстан аумағындағы электрондық ақша жүйесіне шетелдік компания­лар­дың қатысу мүмкіндіктерін көздемейді. Со­ны­мен бірге эмитент банктер электрондық ақшаны өзара қабылдау мен  қызмет көрсету және өз жүйелерін  біріктіру үшін шетелдік операторлармен шарт жасай алады. Электрондық коммерцияға арналған база – Электрондық ақшаның отандық нарығын дамыту перспективасы қандай? – Заң жобасының қабылдануымен Интернет­тің және әлемде электрондық коммерцияның шап­­шаң дамуын есепке ала отырып, нарық дами алады және одан әрі кеңейе береді. Сондықтан ме­нің ойымша, қоғамның мұндай құралдарды қажетсінуі ең алдымен жүйедегі қызметтердің жаңа түрлерін және сауда қызметін дамыту есебінен уақыт өткен сайын өсе береді. Тиісінше, олар­ды енгізу еліміздегі электрондық сауданы одан әрі  көпшілікке таратуға және дамытуға мүмкіндік туғызады. Келешекте олар төлемнің қарапайым құралы болады, өйткені олардың пайда болуы­мен Интернеттен сатып алу халыққа барынша қолайлы әрі күнделікті өмірде қаржылық операциялар жүргізу мүмкіндігі олар үшін айтар­лықтай жеңілдейді. Бұл сияқты жаңартулар келешекте қазіргі технологиялар мүмкіндігін пайдалана отырып жеке тұлғалар үшін қаржылық қызмет көрсету­лердің қолжетерлік болуын айтарлықтай жоға­ры­латуға қабілетті.   Банктер қазір өз клиенттеріне қашықтықтан қызмет көрсетудің жаңа арна­ларын белсене енгізуде. Қазірдің өзінде түрлі қаржылық операцияларды қашықтықтан жүргі­зу­ге болады. Мысалы, электрондық билеттер, туристік жолдамалар сатып алу, коммуналдық қызметтерді, түрлі провайдерлердің қызметтерін төлеу және т.б.  Осы заң жобасы – бұл Қазақ­станда электрондық ақша пайдалану саласын­дағы қатынастарды құқықтық реттеудің бастама­сы.  Бұдан әрі өмірдің өз өзгертулерін енгізетіні сөзсіз және бұл құқықтық қатынастар мейлінше жетілдірілетін болады. –  Әңгімеңізге рахмет. Әңгімелескен Алла ДЕМЕНТЬЕВА. Глоссарий Электрондық ақша - элек­трон­дық нысанда сақталатын жә­не жүйенің басқа да қатысушы­лары электрондық ақша жүйесін­де төлем құралы ретінде қабыл­дай­тын элек­трондық ақша эмитен­тінің сөзсіз және қайтарылмайтын ақшалай мін­деттемесі; электрондық ақшаны шыға­ру - эмитенттің электрондық ақ­шаны жеке тұлғаларға және элек­трондық ақша эмитентінің агенттеріне оның номиналдық құны бойын­ша тең ақша сомасына айыр­бастау арқылы беруін көздейтін операция; электрондық ақша эмитенті - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтік құқықтық ак­тілерінің талаптарына сәйкес элек­трондық ақша жүйесінде электрон­дық ақшаны шығаруды және өтеуді жүзеге асыратын екінші деңгейдегі банк; электрондық ақша эмитенті­нің агенті - электрондық ақша эмитентімен жасалған шарттың негізінде оларды кейіннен иелеріне - жеке тұлғаларға өткізу үшін эми­тент­тен және олардың иелерінен - жеке тұлғалардан электрондық ақ­шаны сатып алу жөніндегі қыз­мет­ті жүзеге асыратын заңды тұлға. Мыналар: 1) эмитенттен, агенттен немесе өзге де жеке тұлғалардан электрон­дық ақша алған жеке тұлғалар; 2) агенттер; 3) азаматтық-құқықтық мәміле­лер бойынша төлемақы ретінде жеке тұлғалардан электрондық ақша алған дара кәсіпкерлер немесе заңды тұлғалар электрондық ақша иелері болып табылуы мүмкін; электрондық ақшаны пайдалану - электрондық ақшаны оның иесі - жеке тұлға электрондық ақша жүйесінің басқа қатысушысына  беруі жолымен төлем жүргізілетін төлемді жүзеге асыру тәсілі; электрондық ақшаны өтеу - электрондық ақшаның иесі ұсынған не оларды иесі ұсынбай, Қазақстан Республикасының заңдарында көз­делген жағдайларда өтелуі тиіс элек­трондық ақшаны оның номи­нал­дық құны бойынша тең ақша сомасына айырбастау жөнінде эми­тент жүзеге асыратын операция; электрондық ақша жүйесінің қа­­тысушысы - жасалған шартқа сәйкес электрондық ақшаның белгілі бір жүйесі шеңберінде электрон­дық ақшаны шығару, беру, қабыл­дау, пайдалану, сатып алу, өткізу немесе өтеу жөніндегі құқық немесе міндеттеме туындайтын жеке немесе заңды тұлға; электрондық ақша жүйесінің операторы - электрондық ақша пай­даланылатын операцияларды жү­­зеге асыру кезінде қалыптастыры­латын ақпаратты жинауды, өңдеуді және беруді қоса алғанда, элек­трондық ақша жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ететін электрон­дық ақша жүйесіне қатысушы; аутентификация - банк белгілеген қауіпсіздік рәсімін пайдалану арқылы электрондық құжат жасау­дың түпнұсқалылығын және дұрыс­тығын растау; электрондық банк қызметін көрсету - клиенттің банктік шо­тындағы (шоттарындағы) ақша со­ма­сы, банктік шот (шоттар) бойын­ша жүргізілген операциялар, банктік шот (шоттар) туралы ақпаратты алу үшін өзінің банктік шотына (өздерінің банктік шоттарына) қол жеткізуге, ақша төлемдері мен ау­дарымдарын жүзеге асыруға, банктік шот (шоттар) ашуға немесе жабу­ға және/немесе банк телекоммуникациялар желілері бойынша спутниктік байланыс немесе өзге де байланыс түрлері арқылы көрсете­тін өзге де банктік операциялардың түрлерін жүзеге асыруға байла­ныс­ты қызмет көрсетулер. Электрон­дық банк қызметін көрсету ақпарат­тық-банктік және транзакциялық-банктік болып бөлінеді; ақпараттық-банктік қызмет көрсету - банктің клиентке оның банктік шоттары бойынша ақша қалдықтары және қозғалысы тура­лы, жүргізілген ақша төлемдері мен аударымдары туралы және клиент­тің сұратуы бойынша, не банк пен клиент арасында жасалған шарт бойын­ша көрсетілетін және көрсе­тілген банк қызметін көрсету ту­ралы өзге де ақпараттарды беруге байланысты электрондық банк қыз­метін көрсету; транзакциялық-банктік қыз­мет көрсету - клиенттің банктік шот (шоттар) ашуына және жа­буына, ақша төлемдері мен ауда­рым­дарын, шетел валютасымен айырбастау операцияларын жүргі­зуге, банк заемын беруге және ақпараттық-банктік қызметке жат­пайтын банк операцияларының өзге де түрлерін жүзеге асыруға байланысты электрондық банк қызметін көрсету; клиентті динамикалық сәй­кес­тендіру - бір жолғы (бір мезгіл) кодты пайдалану арқылы оның электрондық банк қызметін алу құқығын бірыңғай растау мақса­тында клиенттің жеке басын рас­тауды белгілейтін рәсім; қауіпсіздік рәсімі - клиенттің электрондық банк қызметін алу құқығын белгілеу мен берілетін және алынатын электрондық құж­ат­тардың мазмұнындағы қателерді және/немесе өзгерістерді анықтау мақсатында электрондық құжат­тарды жасау, беру және алу кезінде клиентті сәйкестендіруге арналған ұйымдастыру шараларының және бағдарламалық-техникалық ақ­па­рат қорғау құралдарының кешені.