Үкімет • 19 Қаңтар, 2017

Сағынтаев «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» Басқармасының мүшелерімен кездесті

5908 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Үкімет үйінде Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаев ҚШИКҚ Басқарма төрағасы, «Дойче Банк» АҚ-ның ҚР-дағы өкілдігінің басшысы У. Вокурка бастаған «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» Қауымдастығы (ҚШИКҚ) Басқармасының мүшелерімен кездесу өткізді, деп хабарлады primeminister.kz.

Сағынтаев «Қазақстанның шетелдік инвесторлар кеңесі» Басқармасының мүшелерімен кездесті
Кездесу барысында қатысушылар инвестициялық ахуалды одан әрі жақсарту, сондай-ақ Мемлекет басшысының төрағалығымен өтетін Шетелдік инвесторлар кеңесінің алдағы пленарлық отырысына дайындық мәселелерін қарастырды.