21 Мамыр, 2011

Еуропалық банктің ел дамуындағы үлесі

416 рет
көрсетілді
12 мин
оқу үшін
Кеше Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Еуропа қайта құру және даму банкі басқарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысы ашылды. Оған Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев қатысып, сөз сөйледі. Өз сөзін сіздерді қазақ жерінде қарсы алғаныма қуанышты­мын, деп бастаған  Нұрсұлтан Әбіш­ұлы алдымен ЕҚДБ президенті Томас Мировқа ерекше ықы­ласын жеткізді. Әлемдегі белді де беделді қаржы институтының жи­­ырмасыншы мерейтойлы жи­на­лысы Қазақстан тәуелсіздігінің жиырма жылдығымен орайлас келуінде үлкен символдық мән бар, дей келе Елбасы елде ке­ңес­тік кезеңнен кейінгі күрделі уа­қыт­та демократияға негізделген жаңа саяси жүйе орна­ған­дығын, соның нәтижесінде қол жеткізген әлеуметтік-экономи­ка­лық даму­да­ғы жетістіктеріміз әлем­ді мой­ын­датып отырған­ды­ғын атап көрсетті. 1994 жылы ІЖӨ 700 доллардан сәл асса, 2011 жылға қарай 12 есеге өсіп, 9 мың доллардан асты. Қазіргі Қазақстан әлемдік сахнада белді орны бар қарышты даму үстін­дегі елге айналды. Бұл орайда ЕҚДБ-ның ел дамуына қомақты үлес қос­қан­дығын ризашы­лық­пен атап өткім келеді, деді Мемлекет басшысы. Осы жылдар ішінде банк біз­дің экономикамызға 5 млрд. дол­лардан астам қаржы құйып, сол арқылы 140 жоба жүзеге асырыл­ды. Осылайша біздің әріптесті­гіміз жыл сайын өсуде. Тек өткен жылы 21 жобаны қаржылан­ды­руға тартылған қаржы көлемі 1 млрд. долларды құрады. Ал ЕҚДБ әріптестері бөлген қосымша қор есебінен елімізге келген ақшалай қаржы көлемі 14 млрд. доллардан асқан. Бүгінде жаһанданған әлем­де бір елде болып жатқан оқиға екінші елдің дамуына ықпалын тигізбеуі мүмкін емес. Мұны өзі­міз бастан өткізген әлемдік қар­жы дағдарысының ауқымы дә­лел­деп берді. Дағдарыс қиын­дық­тарына ең алдымен Қазақ­стан­­ның банк және құрылыс сек­торы ілінді. Со­ның салдарынан экономика­ның басқа салалары да дағдарыс салқынын сезінді. Дегенмен уа­қы­тылы қолға алынған дағда­рыс­қа қарсы шаралар оның жағым­сыз әсерлерін еңсеруге мүмкіндік берді. Бұл орайда 70 млрд. доллар салынып құрылған Ұлттық қордың көп көмегі тиді. Шағын және орта биз­нес, ауыл шаруашылығы, құ­ры­лыс секторы мемлекеттен үл­кен көмек алды. Мемлекет тұр­ғын үй құрылы­сы­ның үлес­кер­лерін қолдауды тоқ­тат­қан жоқ. Бұл мұндай қиын кезең­дер үшін сирек кездесетін оқиға. 2010 жылы ІЖӨ 146 млрд. дол­лар­ды құ­рап, нақты жағдайда 7 пайызға өсті. Оның өсуімен қатар эконо­миканың барлық саласында ілгерілеушілік байқалды. Оған қоса біз қазіргі таңда мемлекет алдына 2016 жылға қарай кіріс­тің жо­ға­ры деңгейін көрсететін елдер то­бына еніп, ІЖӨ көлемін жан ба­сына шаққанда 15 мың долларға жеткіземіз деген үлкен мақсат қойдық. Оның жүзеге асыры­луы­ның негізгі тетігі –ҮИИДБ. Бұл тетік экономика­мызды болашақ қатерлерден қор­ғап және түрлі жағдайларға ал­дын-ала дайын­да­лу­ға көмек­те­седі. Тіпті ол шы­найы нәтижесін де көрсетіп үл­герді. Өткен жылдың қоры­тын­дысы бойынша жалпы құны 800 млрд.теңге болатын 152 жаңа индус­триялық нысан қолда­нысқа берілді. 23 мың жаңа жұ­мыс орны ашылды. 2015 жылға дейін 12 трлн. теңгеге 200 мың тұрақты жаңа жұмыс орны бар 500 жобаны жүзеге асыру көзде­луде. Ал экономикамызды экс­портқа негізделген шикізаттық емес нақты сектордың өсуі есебінен батыл құрылымдық өзге­рістер күтіп тұр. Қазақстан экономикасының жа­ңартылуы көлемі бойынша ал­ғанда аса үлкен жоба. Онда ЕҚДБ инфрақұрылым және ши­кізаттық емес салалардың ірі ин­весторы ретінде маңызды рөл ой­найды. Банк қатысуымен халық­ара­лық «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» транзиттік дәлізі дамыты­лып, электр желілерінің жаңар­ты­луы жүзеге асуда. Соңғы он­жыл­дықта ЕҚДБ еуразиялық ай­мақта әділетті түрде ірі инвестор атағын алады. Өйткені олар өз қаржыларын ғана емес, көлемді шетелдік инвестицияларды да тар­тып жүр. Жылдан-жылға арадағы әріптестік байланыс артып келеді. Беделді мінберді пайдалана отырып, Қазақстанның аймақта қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастырудың барлық шара­ла­рын қолға алып жатқандығын атап көрсеткім келеді, деп атап көрсетті Н.Назарбаев. Бүкіләлемдік банктің 2010 жыл­ғы мәлімдемесі бойынша, елі­міз бизнес мүддесі мақсатын­да реформа жүргізудің көшбасшысы болып танылды. Ал қолайлы бизнес ахуалы бар елдердің әлемдік рейтингіндегі 183 елдің арасында Қазақстан 59-шы орында. Бұл көрсеткішті одан әрі жақсартуға тырысып келеміз. Сонымен қатар еліміз аймақ рыногына шыққысы келетін көптеген трансұлттық компаниялар үшін кеңістік есебінде қызмет етеді. Оған соңғы 15 жыл ішінде Орталық Азияға тартылған тікелей инвестиция­лар­дың 80 пайызы Қазақстан еншісінде екендігі дәлел бола ала­ды. Ал өткен 19 жыл ішінде эко­номикамызға тартылған тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 120 млрд.долларды құрады. Кеден одағы жұмысының басталуы және одан кейін Біртұтас эконо­микалық кеңістіктің құрылуы барысында біздің инвестициялық тартымдылығымыз қарқынды өсе түспек. Өйткені бізге келген инвесторға 170 млн.тұрғыны бар және ІЖӨ-сі 2 трлн.долларға тең ірі рынокқа жол ашылады. Қазақстандағы ЕҚДБ қызме­тінің кең өрістеуі ел экономикасы өсімінің ірі әлеуетіне қабілетті болуының белгісі. Сондықтан Банктің басқарушылар кеңесін қазақстандық инвестиция жоба­ла­ры ұсынысын қарастыруға ша­қы­рамын, оның ішінде экономи­каның әртараптандырылуы және шикізатты терең түрде қайта өңдеу бағытына ерекше көңіл бөлуді ұсынамын. Сондай-ақ эко­номикамыздың технологиялық тұрғыда дамып келе жатқанды­ғы­на назар аударғым келеді. Да­мыған елдердің дамушы елдерден айырмашылығы да осы – оның технологиялық жетістігі. Осы орайда жобалардың басты бағытына дамып келе жатқан ғы­лыми-инженерлік базаларды шы­ғару дұрыс деп білемін. Сондай-ақ ЕҚДБ-ның Қазақстан аймақ­та­рындағы қызметін кеңейтіп, өкіл­діктерін көбейтуді ұсына­мын. Бұған қоса, мен сіздердің назар­ларыңызды несиелік рынокты ұлттық валютада дамыту қа­жет­тігіне аударғым келеді. Бұл Қа­зақ­стан үшін ғана емес, банк үшін де маңызды. Еліміз өз та­рапынан ЕҚДБ қатысуымен шетелдердегі жобаларға да атса­лы­сып келеді. Біз аймақтағы елдер­дің экономикасын нығайта түсуге байланысты одан әрі біріккен операцияларды жүргізуге дайын­быз. ЕҚДБ-мен бірге қазақстан­дық инвестицияның бар болуы рыноктар дамуының жаңа мүм­кіндіктерін ашады әрі интеграция үдерісін жақсарта түседі, деп атап өтті Елбасы. Жуырда өткен Астана экономикалық форумын­да және өзге де кездесулерде мен мемлекеттер арасында үйлестіру дағдарысқа қарсы ша­ралардың негізгі құралы екендігін атап өттім. Бұл үдерісте тағы бір маңызды рөлді халықаралық даму институттары алады. Әлемдік экономикалық жүйедегі ЕҚДБ үлесі Еуропа мен Азияның 30 еліндегі демократиялық шарт­тар­дың және рыноктық байла­ныс­тың даму нәтижелерімен дәлел­ден­ген. Ағымдағы отырыста бізге біздің елдерімізге дағдарыс ықпалының деңгейін сараптауға және Азия және Еуропа рынок­тарындағы даму мәселелерін тал­қылауға мүм­кіндік бар. Оты­рыс аясында өткен инвестициялық және іскерлік форумдар елдегі және аймақтардағы кәсіпорын­дардың жаңаруы мен жаңарту саласындағы келешекті нақты ба­ғалауға мүмкіндік береді. Сон­дай-ақ ірі шетелдік инвесторлар капиталын тартуға үлесін қоса­ды. Белсенді пікір алысу­лар­дың тиімді шешімдер қабылдауға мүм­кіндік беретініне сенімдімін, деді Елбасы. Президент көптеген маңызды мәселелерге негізделген шаралар, атап айтқанда, ұлттық валюта мен капитал рыногы, азық-түлік қауіпсіздігі, энергия тиімділігі, мем­лекеттің аймақтағы экономи­ка дамуын үйлесімді қамтамасыз етудегі рөлі бүкіләлемдік эконо­микада маңызды мәселелер бо­лып отыр, дей келе, Астанадағы отырыс жемісті болатындығына сенім білдірді. Өз кезегінде ЕҚДБ президенті Томас Миров Елбасына алғысын жеткізді. Сондай-ақ биылғы жылдың банк үшін ерекше екендігін, сәуірде банк операция­лары­ның жүргізіле бастағанына 20 жыл толғандығын атап өтті. Бүгінге дейін біз 3 мыңнан астам жобаларға 60 млрд. еуро инвестиция құйыппыз. Әлемдік дағда­рыс біздің жеткен жетістіктерімізге де сын болды. ЕҚДБ 2010 жылы аз да болса тікелей инвес­тициялардың өсуін көрсете алды. Әйтсе де әлем экономикасында баланстар теңсіздігі көрініс беріп қалады. Бірақ ЕҚДБ қолдауын көрсетіп жүрген елдермен қа­рым-қатынасын сенімді түрде жалғастыра бермек. Томас Миров ЕҚДБ-ның бас­қар­ма кеңесі банктің қаржылық жағдайын жақсартуға 2011-2015 жылдарға арналған үлкен мақ­сат­ты бағдарлама қабылдағанын атап өтті. Бұл бағдарлама осы бес­жылдықта жүзеге асырылуы тиіс, дей келе ол ЕҚДБ-ның 2010 жылғы көрсеткіштеріне тоқтал­ды. 2010 жылы 3 негізгі стра­тегиялық бастамаларда біраз өсу байқалған. Сонымен қатар банк әйел кәсіпкерлерді көбейтуге, қол­дау көрсетуге арналған жос­па­рын жүзеге асыру үстінде. Ол соңғы 18 ай ішінде жеке сек­тор­дағы кәсіпорындардағы әйелдер­ге қолдау көрсетіп келе жатқан­дығын жеткізді. Астана алға да­муды аңғартып отыр. Қазақстан бүгінде гүлденген экономикасы бар ел, деді ол. Пленарлық сессияға қатысқан Премьер-Министр Кәрім Мәсі­мов мемлекеттің капиталдың жо­ға­луы мүмкін деген тәуекелдерді барынша төмендетуге ұмтыла­тын­­дығын айтты. Өсу теңбе-тең, тұрақты, бара-бар болуы қажет. Осылайша біз келешек және ағымдағы буынның әлеуметтік жағ­­дайын жақсартуға негіз са­ла­мыз. Үкімет жеке меншік мем­ле­кет­тік ресурсты өндірістің бар­лық тізбегін жетілдіру және өнім­ділікті күшейтуге бағыт­тал­ған әр­тараптандыру бастамала­рын нақ­ты іске асыру үшін жұ­мыл­дырмақ. Біз білім алуға қол­же­тім­ділікті кеңейтіп келеміз, мемлекеттік қызметтің жалпы сапа­сын және стандарттарды кү­шей­тіп жатыр­мыз. Сондай-ақ мәсе­ле­лерді сапа­лы әрі кәсіби білімді кө­теру есебінен шешетін бола­мыз. Бұқараға қызмет көрсе­тудің жалпы сапасын көтеру мақсатын­да денсаулық сақтаудың ұлттық жүйесіне қаржы құю­да­мыз. Бұл бәсекеге қабілетті жұ­мыс күшін құруға көмектесетін негізгі іргетас болып отыр. Көлік жүйесінің тиімділігін арттыру және ақ­па­раттық-технологиялық жүйелер­дің жаңа буынын енгізу бойынша жұмыс атқарудамыз, деді Премьер-Министр. Үкімет бас­шысы­ның пікірінше, сапалы ин­фрақұ­ры­лым жоғары еңбек өнім­ділі­гінің негізін қалайды. Астанада өтіп жатқан Еуропа қайта құру және даму банкінің бас­қарушылар кеңесінің жыл сайынғы отырысы бүгін, яғни 21 мамыр күні аяқталмақ. Венера ТҮГЕЛБАЙ, Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.