Барлап қарасаң, туған тілге жаны күйетін, ана тілін ардақтайтын адам көп сияқты. Биік мінберлерден қазақ тілінің қайғысын айтып, «құрдымға кетіп барады» деп үстел тоқпақтайтындар да жеткілікті. Қазақ тілі үшін қабырғасы сөгіле мақала сілтейтіндердің санына жете алмаймыз. Бүгінде тіл туралы ерінбегеннің ерні жыбырлайды. Жалқауға дейін жазады. Қысқасы, қазақ тілі саясиланып кетті. Мемлекеттің тілге қамқорлығын, қабылдаған қаулы-қарарын, бөлген қаржысын мысалға келтіруден аулақпыз. Тіпті, ол цифрлардан адамдар жалығатын жайға дейін жетті. Оқи қалса, газетті ысырып тастайды. Тыңдай қалса, радионы өшіріп қояды. Көре қалса, телеарнаны ауыстырады. Оны көзімізбен көріп жүрміз. Біздің айтпағымыз басқа. Тіл тақырыбын саясиландырудың еш қажеті жоқ. Қазақ тілінің қайғысымен абырой жинауға да болмайды. Осы арқылы саяси ұпайларын түгендеп жүргендер де бар. Әлдебір сайлауда қарапайым қазақтың көңілін аулау үшін қазақ тілін жалау етіп көтеретіндер де кездеседі. Қысқасы, қазақ барда қазақ тілі өлмейді. Ал оны саясаттың шоқпары ету бүгінде ешкімге пайда бермейді. Ана тіліміздің абыройын арттырып, айбарын өсіру үшін не істеу керек? Есіл басын төрге шығару мақсатында қандай әрекеттер жасалуға тиіс? Мемлекеттік тіл осы мемлекеттің ортақ игілігіне қалай айналады? Болашақтың иелері қазақ тілінде сөйлеу үшін не істемек керек? Осындай сауалдармен аттыны құлатуға болады. Ал біздіңше, оның жауабы қарапайым ғана. Әрбір қазақ қазақ тілінде сөйлеуі керек. Үйде де, түзде де. Торқалы тойда болсын, топырақты өлімде болсын. Әрбіріміз әрекет етсек, қазақ тілі қайраңда қалмайды. Сонда ғана жалпыұлттық игілікке айналады. Бір ғана мысал. Бүгінде сізге айлығыңызды кеңес заманындағыдай кассир бермейді. Бір терезеге телміріп тұрмайсыз. Жалақыны банкоматтан алады жұрт. Қазақстанның қай қиырында жүрсеңіз де, айлығыңызды алуға мүмкіндік мол. Сол банкоматтың тілі – үшеу, яғни қазақша, орысша, ағылшынша. Байқаймыз, қаланың да, даланың да қазағы айлығын аларда банкоматтағы орыс тілін таңдайды. Неге? Банкоматтағы қазақ тілі сауатсыз ба? Жоқ, сауатсыз дей алмаймыз. Мәселенки, «пин-кодты енгізіңіз», «қолма-қол ақша алу», «алуға болатын сома», «төлемдер» деген тіркестер әрбір банкоматта бар. Оны әрбір сауатты адам түсіне алады. Ал енді неге орыс тілін таңдайды? Біз айтар едік: бұл туған тілге жаны ашымастық деп. Егер ол өз тіліне жаны күйетін болса, онда банкоматтағы қазақ тілін таңдар еді. Елемейтін, ескерусіз қалдыра салатын нәрсе сияқты. Тіпті, сөз етуге де келмейтін тәрізді. Дегенмен, «теңіз тамшыдан құралады» дегенді алға тартсақ, қазақ тілінің көркеюі осындай елеусіз жәйттерден басталатынын байқаймыз. Банкоматтан ақшаны қазақ тілінде алған адам, ана тілінің абыройын өзге жерде де көтереді деп түсінеміз. Өз басым түсініксіз болса да, барлық төлемдерді қазақ тілінде жасаймын. Ал сіз ше? Ержан БАЙТІЛЕС. Қызылорда.
Түрікменстаннан келген қабылан Маңғыстауда фототұзаққа түсті
Оқиға • Бүгін, 19:27
Астанада таеквондодан алғаш рет беделді халықаралық турнир өтеді
Спорт • Бүгін, 18:59
Грант, сыйлық, шәкіртақы: Дарынды жастардың дамуына жол ашатын бастамалар
Жастар • Бүгін, 18:44
Қарағандыда 10 жасар баланы тоқ соқты
Оқиға • Бүгін, 17:56
Қызылорда облысында жоғалып кеткен 6 жасар қыздың мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:36
Астанада тағы бір көше ішінара жабылады
Елорда • Бүгін, 16:58
«Ролан Гаррос» турнирі: Данилина мен Крунич финалда жеңілді
Спорт • Бүгін, 16:40
Маңғыстау-Семей пойызының жолаушылары тарақандарға байланысты шағым жасады
Оқиға • Бүгін, 15:56
Тұтас бір аудан ішімдіктен бас тартты
Қоғам • Бүгін, 15:29
Қазақстанда кейбір интернет-ресурстардың жұмысы уақытша қиындады
Оқиға • Бүгін, 14:59
Astana Half Marathon 2026: Жаңа рекорд орнады
Елорда • Бүгін, 14:36
Қырғызстанда сел кезінде мектеп оқушысы жоғалып кеткен
Оқиға • Бүгін, 13:58
АҚШ-та атыс болып, 12 адам жарақат алды
Әлем • Бүгін, 13:31
Ұлыбританиядағы жеңіс: Иван Дычко қарсыласын нокдаунға жіберді
Спорт • Бүгін, 12:53
Мемлекетке қайтарылған қаржы: Балқаш ауруханасы жаңа келбетке ие болды
Медицина • Бүгін, 12:35