25 Мамыр, 2011

Ұлттар ұйымы өкілімен әңгіме

410 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Сенатының Төрағасы Қайрат Мәми БҰҰ Балалар қорының Қазақстан Республикасындағы Өкілі Ханаа Сингерді қабылдады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі. Кездесу барысында Қ.Мәми ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы қыз­метін жоғары бағалап, ден­саулық сақтау және білім беру салала­рын­дағы балаларды әлеу­меттік қорғау жүйесін жетілдіру жө­нін­дегі БҰҰ Балалар қо­рының бағ­дарламасын жүзеге асыруға елі­міздің мүдделілігін білдірді. – «Қазақстан мен ЮНИСЕФ өзара іс-қимылдың зор әлеуе­тіне ие», – деді Төраға және ол балалар құқықтарын қорғау, тәрбие­леу мен оқыту үшін жа­ғ­дайды қамтамасыз ету сала­сындағы заң­намаларды жетілдіру жөніндегі БҰҰ Балалар қо­рының шара­ла­рына Сенат белсенді қатысып келе жатқанын атап өтті. Қазақстанда биыл тәуелсіз­дік­тің 20 жылдығы атап өтілетінін айта келіп, Қ.Мәми дербес өр­кендеудің алғашқы жылдарынан бастап елімізде адам құқы мен бостандығын қамтамасыз ету мә­селелеріне ерекше назар ауда­ры­лып келе жатқанына тоқталды. – «Президент Н.Назарбаевтың басшылығымен жүзеге асқан әлеу­меттік-экономикалық және қоғамдық-саяси реформалардың бәрінің негізінде осы стра­те­гия­лық басымдықтар бар», – деді Төраға. Х.Сингер жеткіншек ұр­пақ­тың құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі Қазақстандағы белсенді жұмыстарды атап өте келіп, кіші көрсеткіштер зерттеуін ұйымдастыру мен жүргізуге жәр­демдескені үшін Сенатқа алғыс айтты. Мұндай зерттеу жүргізілген ТМД мен Шығыс Еуропадағы жалғыз ел Қазақстан болғанын атап өте келіп, Х.Сингер қоры­тынды баяндаманың тұсау­ке­се­рін жоғарғы палата қабыр­ға­сын­да өткізуді ұсынды. Кездесу барысында жастар саясатының мәселелері де тал­қы­ланды. Қазіргі кезде «Жастар сая­саты туралы» заң жобасы әзір­ленуде. Қ.Мәми атап өт­кендей, құжат жұртшылық ара­сында, әсі­ресе, жастар ор­тасында жан-жақ­ты талқылануы керек. Төрағаның айтуынша, заң жастардың лайық­ты өмірі, олардың өзін көрсете алуы, елдің қоғамдық-саяси өмі­ріне белсенді қатысуы үшін жағдай жасау тиіс.