26 Мамыр, 2011

Спартакиада жалау көтерді

532 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Мемлекет басшысының Жолдауында саламатты өмір салтын насихаттау қажет­тігі атап көрсетілгені белгілі. Осы­ны басшы­лыққа алған өңір жұртшылығы арасындағы спорттық жарыстар ұйым, мекемелер ара­сын­да жалғасын тауып келеді. Талдықорғандағы «Жастар» спорт сарайында өткен спартакиадаға барлық аудандар мен қалалардан мемлекеттік қыз­­мет­керлер қатысты. Командалар спорт­­­тың 6 түрінен – президенттік көпсайыс, кіші футбол, бильярд, волейбол, үстел теннисі мен тоғызқұмалақтан шеберлік байқасты. Алғашқыда облыс және Талдықорған қаласы әкімдігінің командалары кіші футболдан жақсы ойын өрнегін көрсетті. Билік басындағылардың арасында өткен тартыста басшыдан бастап, қатардағы­лары шабуылды жиілетіп, оңтайлы сәттерді пайдалануға күш салды. Ақ тер, көк тер болған мемлекеттік қызметкер­лердің өз командалары үшін ептілік та­нытуға талпынғанын сырттай бақылаған жанкүйерлер де қиқулап жатты. Мәселе, қай команданың жеңгенінде емес, спорттық киіммен алаңға шығып, аяқ доппен алысудың өзі жастарға үлгі бола­тынын айтқан жөн. Өзге де спорт түрлерінен жеңіске жеткендер еңбегі ескерілді. Күмісжан БАЙЖАН. Алматы облысы.