26 Мамыр, 2011

Журналист жазған жырлар

304 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Әріптесіміз Сейфолла Ша­йын­ғазы­ның негізгі ма­ман­дығы журналист бол­ға­ны­мен, ара-ара­сында өлең жа­за­тын аздаған ақындығы да бар. 2000 жылы Астанадағы «Елорда» бас­пасынан оның «Жолайрық» атты өлеңдер кі­та­бы жарық көр­ген болатын. Таяуда Сей­фолланың «Көңіл көкжиегі» деп аталатын екінші жыр жи­нағы да «Астана полиграфия» баспа­сы­нан ба­сылып шықты. Кітапқа автор­дың әр жылдары жазған өлеңдері енген.