26 Мамыр, 2011

Ана мен бала аллеясы ашылды

656 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Тараз қаласындағы об­лыстық пе­ринаталдық ор­талықта «Ана мен бала» ал­леясы ашылып, гүлге оран­ған алаңқайға сәбиін иы­ғы­на кө­тер­ген бақытты ана­ның ескерткіш-мүсі­ні ор­натылды. Бұл игі іс облыс әкім­дігі жанындағы әйел­дер істері және отба­сылық-демогра­фия­лық сая­сат жө­ніндегі комиссияның жә­не облыс­тық денсаулық сақтау бас­қармасы­ның ұйым­дас­тыруымен дү­ниеге келді. Он екі ұл-қыз өсірген ардақты ана Гүлсім Сапарбекова ақ батамен «Ана мен бала» ескерткішін ашып, перинаталдық ор­талықта денсаулықтарын күтіп жатқан келіндерінің аяқ-қолдары жеңіл болуын тіледі. Бүгінде 25 немере, 27 шөбере сүйіп отырған алтын құрсақты ананың ақ тілегіне жиналғандар дән риза болысты. Ел тәуелсіздігінің жиыр­­ма жыл­дығына орай об­лыста жалпы 20 «Ана мен бала» аллеясы мен гүл­зарын ашу жос­пар­ла­нып отыр­ған көрінеді. Оның басы-қасында об­лыс­тық іскер әйелдер қауым­дас­тығы­ның төрайымы Гүл­дара Нұ­рымова үлкен ұйым­дас­ты­ру­шылықпен көрініп жүр. Көсемәлі СӘТТІБАЙҰЛЫ. Жамбыл облысы.