26 Мамыр, 2011

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы №146

456 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
2011 жылғы 17 ақпан          №146      Астана, Үкімет Үйі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 248 қаулысына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. «Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 5 сәуірдегі № 248 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 12, 113-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Ауыз сумен жабдықтаудың баламасыз көзі болып табылатын сумен жабдықтаудың ерекше маңызды топтық және оқшау жүйелерінен ауыз су беру жөніндегі қызметтердің құнын субсидиялау ережесінде: 2-тармақтың үшінші абзацындағы «және (немесе) коммерциялық мүдделерін» деген сөздер алып тасталсын; 5-тармақтағы «олар үшін белгіленген су тұтыну лимиті шегінде» деген сөздер «елді мекендердегі бір тұрғынға белгіленген орташа тәуліктік үлестік су тұтыну шегінде» деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақта: бірінші абзацта: мемлекеттік тілдегі мәтіні өзгеріссіз қалдырылсын; «тиісті қаржы жылына арналған бюджеттік бағдарлама әкімшісінің шығыстары құрамында» деген сөздер «тиісті қаржы жылдарына» деген сөздермен ауыстырылсын; үшінші абзацтағы «және үйге ортақ (бірыңғай)» деген сөздер «бірыңғай» деген сөзбен ауыс­тырылсын. 2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі    К.МӘСІМОВ.