Көктем – сан алуан үміттер мезгілі, бұл кезеңде көп адамдар өз арманын орындауға немесе ең болмаса жақындатуға талаптанады. Өз үйіңіз немесе пәтеріңізді сатып алу үшін, әрине, көп қаражат керек екені анық, дегенмен, өз баспанаңызды сатып алуға алғашқы қадам жасау үшін ақша жинауды қазірден бастаған абзал. Сол үшін арнайы өз клиенттеріне «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасау комиссиясын біршама арзандатуды көздеп, сәуірдің 1-нен мамырдың 31-і аралығында өтетін «Екінші шарт – екі есе арзан» атты акциясын ұсынып отыр. Осы акцияның арқасында банк клиенті өз қаражатын үнемдей отырып, тиімді пайдалана алады.
Пәтер сатып алу – қымбатқа түсетін салым болғандықтан, адамдардың көпшілігі оған әдетте банктен жинақ шотын ашып, алдын-ала дайындалады. Сенімді банкте қор жинау – көңілге қонымды іс, тек тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасау үшін комиссия төлеу керек.
Тұрғын үй құрылыс жинақ нарығының жетекші операторы болып табылатын «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» өз клиенттеріне «Екінші шарт – екі есе арзан» атты акциясы аясында жеңілдіктер жүйесін қарастырып, біршама қолайлы жағдай жасап отыр. Осы акция арқылы екіойлы болып жүргендердің «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкін» таңдауына мүмкіндік береді.
Сонымен қатар, акция кезінде шартты өзіңізге ғана емес, отбасы мүшесіне де жасауға болады. Бұл жағдайда бастапқы шарт комиссиясы толығымен, келесі шарттар комиссия алымына 50 пайыз жеңілдікпен төленеді, алайда, екінші тұрғын үй құрылыс жинақ шартының сомасы алғашқы шарт бойынша шарттық сомадан екі еседен артық болмауы тиіс. Акция аясында клиенттердің жұбайлары, ата-аналары мен балалары отбасы мүшесі ретінде танылады.
Бұл акцияға қатысу арқылы Банк клиенті қаражатын екі рет үнемдейді. Біріншіден, ол тұрғын үй құрылыс жинақ шартын жасау кезінде аз қаражат жұмсайды. Банктің әдеттегі тарифтері кезінде комиссия мөлшерлі шарттық соманың 0,5 пайызын құрайды. Алайда, акцияға қатысушылар үшін комиссиялық тарифтер жартылай төмендетіледі. Сонымен, 1 миллион теңгеге шарт жасай отырып, клиент шарт үшін небәрі 2500 теңге төлесе, 5 миллион теңге сомасындағы шарт 12500 теңгеге шығып, 10 миллион теңге сомасындағы шарт 25 мың теңгеге дейін арзандайды. Әрине, бұл отбасы бюджеті үшін едәуір үнем! «Жеңілдікпен» шарт жасау – жақын адамдар үшін көктемгі сыйлық әрі келешек шаңырақтың алғашқы іргетасы.
Сонымен қатар акция талаптары 2008-2010 жылдарға арналған Қазақстан Республикасындағы тұрғын үй құрылысы бағдарламасының қатысушыларына да қолданылады.
Екіншіден, салымшы тұрғын үй заемын рәсімдеу кезінде өз қаражатын үнемдейді, себебі, одан кредиттік өтінімді қарастыру мен заем беруді ұйымдастыру үшін комиссия алынбайды. Бұл да, әрине, жанға жағымды нәрсе!
«Екінші шарт – екі есе арзан» акциясы Банк салымшыларының бүкіл санаты үшін де өте тиімді, әсіресе, үлкен өмірге енді қадам басқалы отырған жастар үшін үлкен көмегін тигізеді. Астаналық компаниялардың бірінде қызмет ететін Ерлан былай дейді: «Мен қазір тату-тәтті отбасында ата-анаммен бірге өмір сүріп жатырмын, алайда, қазірдің өзінде жеке үйім туралы ойланып жүрмін, уақыт зымырап өтіп жатыр, отау құрсам, өз шаңырағымның болғаны дұрыс... «Екінші шарт – екі есе арзан» акциясын анамнан ести салып, екеуміз дереу «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіне» барып, аталмыш жеңілдіктерді пайдалана отырып, жинақ шоттарын ашып қойдық.
– Мемлекетімізге ризамыз, шүкір, зейнетақымызды уақытында төлейді, балаларымызға көмектесуге мүмкіндік бар, – деп бұрынғы атақты бағбан, қазіргі зиялы зейнеткер Амангелді ата да жақсы пікірлерімен бөлісіп жатыр. – Қызым былтыр институтқа түсті, мен оған «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінен» жинақ шотын ашып қойдым. Оқуын бітірген соң өз пәтері болады, маған әлі алғысын айтады ғой.
«Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» ұйымдастырып отырған «Екінші шарт – екі есе арзан» атты акциясы Банктің жалғыз ғана шарасы емес, Банк өз клиенттеріне қолайлы әрі сенімді жағдай қалыптастыру үшін әрдайым қызмет етіп келеді. «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкінің» жаңа акциясы Қазақстанда тұрғын үй құрылыс жинақ жүйесін кеңінен таратып, қазақстандықтарды қолайлы әрі сенімді банк өнімдерін пайдалануға ынталандыруға арналған.
Қосымша ақпаратты «Қазақстанның Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ-тың мына телефондары арқылы алуға болады: Алматы қ., 279-25-55, Астана қ., 40-72-76, Талдықорған қ., 24-40-48, Қарағанды қ., 43-62-02, Қызылорда қ., 26-26-64, Павлодар қ., 34-08-99, Өскемен қ., 75-48-65, Атырау қ., 32-04-00, Тараз қ.. 42-58-80, Ақтөбе қ., 55-72-21, Ақтау қ., 43-96-91, Қостанай қ., 53-38-20, Петропавл қ., 42-79-94, Көкшетау қ., 25-63-04, Шымкент қ., 21-33-62, Орал қ., 54-03-33, Семей қ., 52-22-90 немесе мына сайтта www.hcsbk.kz
Айнаш ЕСАЛИ.