27 Мамыр, 2011

Тәуелсіздік және жастар

1537 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін
Тәуелсіз елдің жастары жастық жалынымен алаулап, қай салада бол­сын күш-жігер танытып келеді. Өйт­кені, жастық – бұла күштің құр­сауын бұзатын, жаңа бастамаларға жол ашатын шақ. Демек, оны жақсы істерге бағыштау мен қолдаудың маңызы зор. Міне, осы мақсатта  өт­кен жылдан бері аудандар мен қа­ла­ларда жастар жиыны өтіп, оның та­қы­рып аясы да кеңейе түскен. Би­ыл­ғы форум Тәуелсіздігіміздің 20 жыл­дығына орай ел бірлігі мен ынты­мағы аясында өткізілуде. «Ауылдың гүлденуі – Қазақ­стан­ның гүлденуі» республикалық жас­тар эстафетасымен Талғар ауда­нында «Ел ұраны: Достық. Ын­ты­мақ. Бірлік» симпозиумы өтіп, жаңа ғасыр жастарының елжандылық сезімі серпін алған, жігер-қайраты шың­далған, білім-білігі толыққан­дылы­ғымен ерекшеленді деуге болады. Тұрар Рысқұлов ауылындағы «Ғұндар» туристік орталығына жи­нал­ған жастар өз тағдырларын елі­нің ертеңімен біріктіргенін таныт­ты. Сал­танатта аудан әкімінің орын­ба­сары Бердәулет Абдулдаев көп ұлт­ты аудан халқының бірлігі мен берекесі нығайып, тағдыры ортақ тұ­тас­тыққа айналғанын жеткізді. Жас­тар­дың жалын жігері қай уақытта да қоғамның қозғаушы күші екенін атап өтті. Жастар елдің ертеңі үшін тер төгетіндіктерін және қай салада болсын бәсекеге қабілетті білімдерін танытуға күш салатынына тоқталды. Облыстық ішкі саясат басқар­ма­сының бастығы Гүлжиян Мағдан­қызы, «Қазақстан студенттері Альян­сі» республикалық қоғамдық бірлестігінің көшбасшысы Шыңғыс Бескемпіров және басқалары сим­позиумның алға қойған мақсаты мерей жылдағы жастар белсенділігін шыңдау және көп ұлтты еліміздегі ынтымақ пен бірлікті, татулықты ту етіп, жаңашыл бастамаларды өріс­тету екеніне басымдық берді. Жиында көкбайрағымыз бен елтаңбамыз әспеттеліп, жастардың елі мен жеріне деген патриоттық сезімі шарықтады. Бұдан соң Талғар агробизнес және менеджмент колледжінде «дөңгелек үстел» өтіп, студент-жастар Елбасының саясатын қызу қуаттайтындықтарын ортаға салды. Алматы облысы.