28 Мамыр, 2011

Ынтымақтастықтың басым бағыттары

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрі Әділбек Жақсыбеков Норвегия Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Даг Малмер Халворсенмен кездесті. Кездесу барысында қорғаныс ведомствосының басшысы екіжақты ынтымақтастықтың шеңберінде Қарулы Күштерді жетілдіру жөніндегі тапсырмаларды шешуге баса назар аударылатындығын атап өтті. Қорғаныс секторын реформалау, бітімгерлік әлеуетті өрістету басым бағыттардың бірі болып қала бермек. Тараптар жыл сайын британдық және америкалық әскери қыз­метшілердің қатысуымен өткізілетін арнайы-тактикалық «Дала қыра­ны» бітімгершілік жаттығуын да назардан тыс қалдырған жоқ. Биыл жаттығу тамыз айында америка, британ, қырғыз, литва, және тәжік әскери қызметшілерінің қатысуымен өткізілмек болып жоспарланды. Оксана ПАРПУРА, Қорғаныс министрлігі баспасөз қызметінің өкілі.