28 Мамыр, 2011

Өтініштері бойынша қабылдады

352 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Парламент Мәжілісі­нің депутаты Жарасбай Сү­лей­менов «Нұр Отан» пар­тия­сының Орталық аппара­ты­ның кеңсесінде азамат­тар­ды өз өті­ніштері бойынша қа­былдады, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Депутат қабылдауында Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Ақтөбе об­лыс­тарының, сондай-ақ Астана, Алма­ты және Тараз қалаларының тұр­ғындары болды. Бұл азаматтар әлеуметтік мә­се­лелерді қозғады. Атап айт­қанда, тұрғын үймен қам­ту, жұмысқа ор­наласу, еңбекақы тө­леу, сот шешіміне қатысты мәсе­лелер қамтылды. Сонымен қатар, шағым білдірушілер мате­риал­дық және моральдық шығын­дардың дер кезінде өтел­меуі, балабақшадан жеңілдік бой­ын­ша орын алу, санаторийлік-ку­рорт­тық емделуге ықпал ету жайын көтерді. Депутат барлық өтініш білдірген азаматтарға түсінік берді және оларды әрі қарай шешуге ықпал жасау үшін жазбаша шағымдарын қабылдады.