28 Мамыр, 2011

Ортақ көзқарас танытылды

318 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қазақстан Парламенті Мәжілісінің депутаты Серік Темірболатов Иран Ислам Республикасы Меджлисінің депутаты Ходжат-әл Ислам Сейед Реза Акрамимен жүздесті, деп хабарлады осы палатаның баспасөз қызметі. Тараптар кездесуде Қазақстан мен Иран арасындағы қарым-қатынасты дамыту, пар­ла­мен­т­ара­лық ынтымақтастықты ны­ғай­ту туралы ойларын ортаға салды. Сондай-ақ, сауда-экономикалық ын­тымақтастықты және әлеумет­тік-гуманитарлық саладағы бай­ла­нысты өрістету жайы сөз болды. Кездесуде ауған мәселесі қозғалды. С.Темірболатов бұл мәселені ауған халқының мүддесі тұрғысынан шешу қажеттігін айтты. Сонымен қатар, сұхбатта­су­шылар экстремизмге, терроризмге және есірткіге қарсы кү­рес­ке баса назар аудару қажеттігін атап көрсетті.