Қазақстан Республикасының Байланыс және ақпарат министрлігі Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығын тойлауға арналған іс-шаралар легінде Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң құрылуы мен дамуы тақырыбындағы ең үздiк материалға журналистер мен фототiлшiлер арасындағы шығармашылық конкурсты өткізу туралы хабарлайды.
Конкурс мынадай номинациялар бойынша өткізіледі:
1) Тәуелсіз Қазақстанның тарихына арналған ең үздік авторлық фотоматериал;
2) Қазақстанның экономикалық жетістіктерін (экономикалық реформаларды жариялау) көрсететін ең үздік мақала – қазақ және орыс тілдерінде;
3) Еліміздегі саяси жаңартулар бойынша үздік мақала – қазақ және орыс тілдерінде;
4) Ең үздік қоғамдық-саяси басылым;
5) Қазақстанның дамуы және қалыптасуы туралы мақала жазған ең үздік шетелдік журналист;
6) Тәуелсіз Қазақстанның гүлденуіне арналған ең үздік телевизиялық жоба – қазақ және орыс тілдерінде;
7) Қазақстанның мемлекеттігінің қалыптасуы туралы ең үздік жаңалықтар сюжеті – қазақ және орыс тілдерінде.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының баспа және электрондық бұқаралық ақпарат құралдарының журналистері және фототілшілері қатыса алады.
Үміткерлер Конкурсқа қатысу үшін мынадай материалдарды ұсынады:
1) сәйкес нысан бойынша конкурсқа қатысуға өтінім;
2) мемлекеттік немесе орыс тілінде, не басқа тілдерде бұқаралық ақпарат құралдарында жария етілген және эфирге шыққан баспа жұмыстар, фотожұмыстар, бейне жазбалар, сондай-ақ олардың электронды нұсқалары (газет және журналдарда жарыққа шыққан, DVD нысанындағы теле-, радиобағдарламалардың жарияланған (сканерленген) көшірмелері);
3) жұмысқа жазбаша аннотация олардың жариялануы, эфирге шығуы және материалдардың авторлығы туралы мәліметтер.
Конкурсқа Қазақстан мемлекеттігінің құрылуы мен дамуы тақырыбына арналған, 2011 жылдың ішінде жарияланған және эфирге шығарылған жұмыстар қабылданады.
Егер материал шетел тілінде ұсынылған болса, оның міндетті түрде нотариалды куәландырылған қазақ немесе орыс тіліндегі көшірмесі қоса берілуі тиіс.
Конкурсты өткізу мерзімі:
1) ақпараттық хабарлама жарыққа шыққан күннен бастап 2011 жылғы 1 қазанға дейін – материалдарды қабылдау.
2) 2011 жылғы 1 қазаннан бастап 1 қарашаға дейін –материалдар қарау;
3) 2011 жылғы 1 қарашадан бастап 1 желтоқсанға дейін – қорытындыларды шығару.
Үміткерлер ақпараттық хабарлама шыққан күннен бастап материалдарды 2011 жылдың 1 қазанына дейін ресімдеп және министрлікке мына мекен-жай бойынша ұсынады: 010000, Астана қаласы, Есіл ауданы, Орынбор көшесі, 8-үй, 14-кіреберіс, 250-кабинет.
Конкурстық жұмыстар қайтарылмайды және рецензияланбайды.
Конкурстық жұмыстар мына критерийлер бойынша қарастырылады және бағаланады:
1) шығармашылық жұмыс мазмұнының толықтығы;
2) материал беру нысанының ерекшелігі;
3) өзектілігі;
4) шынайылығы;
5) тақырыпты ашу тереңдігі.
Конкурс материалдарында қамтылған және бағалау барысында алынған ақпарат құпия болып табылады әрi оларды үмiткердi бағалаудан басқа, өзге мақсаттарға оның жазбаша келiсiмiнсiз пайдалануға болмайды.
Конкурс жеңімпаздары министрліктің дипломдарымен және ақшалай сыйақылармен марапатталады.
Қазақстан мемлекеттiлiгiнiң құрылуы мен дамуы тақырыбындағы ең үздiк материалға журналистер мен фототiлшiлер арасындағы шығармашылық конкурсқа қатысуға
ӨТІНІМ
1. Қатысушының аты-жөні ____________________________________________
2. Жұмыс орны, қызметі ______________________________________________
3. Редакцияның мекен-жайы ___________________________________________
4. Байланыс мәліметтер (телефон, e-mail) ____________________________
5. Конкурстық жұмыстың аты _______________________________________
6. Номинацияның атауы _________________________________________
7. Қоса берілетін құжаттар:
1) _______________________________
2) _______________________________
3) _______________________________
Қолы _______________
Сұраным қарастыруға 2011 жылғы «___» _______________ алынды
__________________________________(конкурстық комиссия хатшысының аты-жөні, қолы)