Қапшағайдың шығысындағы Заречный ауылында Павел мен Любовь Широкшиндер «шикі өкпеге» зар болып, көп жыл Жаратқанға жалбарынумен болған еді. Екеуі де «Кнауф Гипс Қапшағай» зауытында еңбек етіп, алдағы күндерінен үміт күтсе, ол алдамады.
Көгілдір көктемде ай-күні жеткен Любовь Алексеевна өмірге әрқайсысының салмағы 2,5 кило болатын екі қыз, бір ұл әкеліп, шаңырақтары шаттыққа толды. Ауыл әкімі, зауыт басшылары ерлі-зайыптыларға құтты болсын айтып, нәрестелерге қажетті қаржылай көмекпен қатар жаялық, балалар тағамын әкеліп, қуаныштарына ортақтасты.
Енді отбасының тұрғын үй мәселесін шешу жағы да қарастырылуда.
Күмісжан Байжан.
Алматы облысы.