03 Маусым, 2011

Қайта өңдеуден қайтарым көп

515 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
«Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-нің қызметі тың және тыңайған жерлерді игеру жылдарындағы Бү­кіл­одақтық астық және оның өнімдерін өңдеу ғылыми-зерттеу институтының қазақ филиа­лынан басталады (БАӨӨҒЗИ-ның Қазақ филиалы). 1959 жылы Қазақстанның сол­түстік облыстарында астық шаруашылықтарының құрылуы мен дамуы, жиналған дәнді да­қыл­дарды уақытылы және нәти­желі өңдеу мен сақтауды қамта­масыз ету мәселелерін шешу қажеттілігінің өткір туындауына байланысты Целиноград қала­сында БАӨӨҒЗИ-ның Қазақ филиалы құрылды. Қазақстан Республикасы егемендік алғаннан кейін, 1992 жылы БАӨӨҒЗИ-дің қазақ фи­лиа­лы «Қазақ астық және оның өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты» республика­лық мемлекеттік қазыналық кә­сіп­орны (РМҚК «ҚазАӨҚ­ӨҒЗИ») болып өзгертілді. Республиканың көрнекті ға­лым­дары атап өткендей, астық­ты жинаудан кейінгі өңдеу мен сақтауда, әлем ғылымы мен отан­дық тәжірибелер айтарлық­тай табыстарға жеткендігіне қа­рамастан, өндірістік қарым-қа­ты­настың нарық экономикасына ұзақ өту жолындағы қиындық­тарына байланысты, үлкен реформа кезіндегі міндеттері жаңа­дан өзекті мәселеге айналды. Нарық экономикасына ауысу кезінде, астық өндіруші шаруашы­лық­тардың, яғни бұрынғы сов­хоздардың астықты сақтау мүм­кіншіліктері қиындай түсті, олар қысқа мерзімде барлық тауарлық астықты мемлекетке өткізу функ­циясын орындады, лайықты техникалы базалық жағ­дайлары болмады, сондық­тан астықты жи­нағаннан кейін, оны өңдеп, сақ­тауды қамтамасыз ете алма­ды. Сонымен қатар, астық қ­а­был­дау кәсіпорындары мемлекет иелігінен алынды және жекешелендірілді. Тағы бір мә­селе, жыл сайынғы «ҚазАӨҚӨҒЗИ» РМҚК өткізген мониторингтік зерттеулер кезінде бидайдың тауарлық партияларын құрас­ты­ру­дағы талаптар сақталмағаны анықтал­ды, сондықтан араласу байқа­лып, астық партияларының сапа­сы мен тағамдық қасиетте­рінде кенеттен ортақтандыру айырма­шы­лықтары байқалды. Жас мемлекеттің бастапқы қалыптасу кезеңінде, материал­дық қиындықтарға қарамастан «ҚазАӨҚӨҒЗИ» РМҚК 16 жыл аралығында астықты жинаған­нан кейін өңдеу, сақтау, сапасын жоғалтпау, қауіпсіздендіру бойын­ша біраз жұмыстар атқар­ды. Институттың ең басты ба­ғыты астықтың сапасын бағалау­ға керекті құралдар мен әдіс­терін жасау және жетілдіру бол­ды. Осыған байланысты бидай желімтігін механикаландырыл­ған әдіспен жуу аспабы (МОК) жасалып, қолданысқа берілді. Қазіргі кезде Қазақстанның бірқатар кәсіпорындарының қол­данысындағы «NIR-System» инфра­қызыл-анализаторында ас­тықтың, ұнның, құрамажемнің іріктеу әдіс-тәсіл теңестірулері мен методикасы жасалды, би­дай­дың түрлерін жедел анық­тауға керекті жарық эталоны құ­рылды. Микроағзалар көрсет­кіш­тері бойынша астықтың қауіп­сіздігін анықтау үшін мониторингтік зерттеулер өткізілді. Шаруа шаруашылықтары үшін шағын технологиялық өндір­гішті құрал – конусты сепаратор, дәнді дақылдарды гидротерми­ка­лық өңдеу аппараты, бидайды тұтастай ұнтақталған ұнға өңдеу үшін орталықтан сыртқа тебуші күші бар ұсақтаушы-елеуіш машина, көп құрамды ұсататын үш роторлы диірмен жасалды. Мемлекет басшысы Н.Ә.На­зарбаевтың саясаты елді шикізат бағытынан шегініп өңдеу өнді­рісін дамытуға, жоғарғы сапалы ауылшаруашылық өнімдерін өн­діруге, экономикадағы ауыл­ша­руа­шылық құрамын көбей­туге бағытталып отыр. Осыған бай­ланысты, аграрлы-индус­трия­лы әртараптандыру арқылы, ауыл­шаруашылық өнімдерін терең өңдеуді арттыра отырып, аграр­лық секторды жедел индустрия­ландыру үшін елдің агроөнер­кәсіп кешенінде ғылыми-ин­новациялық жүйе құрылды. 2008 жылы өңдеу саласын ғылыммен қамтамасыз етуді жақ­сарту мақсатында «ҚазАгроИн­новация» АҚ жүйесінде астық және оның өнімдерін өңдеу ғы­лыми-зерттеу институтының негізінде «Қазақ ауыл шаруашы­лығы өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты» ЖШС («ҚазАШӨҚӨҒЗИ» ЖШС) құ­рылды. «ҚазАШӨҚӨҒЗИ» ЖШС ғылыми-зерттеу жұмыстарын ба­­сымдықты, мемлекет саяса­ты­мен анықталатын «Агроөнер­кәсіп кешені саласындағы қол­данбалы ғылыми зерттеулер» бюджеттік бағдарламасына сай жүргізеді. Бүгінде республика­ның тағам және өңдеу өнеркә­сіптерінің алдында тұрған өзекті мәселелерді шешу мақсатында зерттеу бағыты кеңейтілді. Төрт лаборатория құрылып, қызмет атқаруда. Еліміздің алдында тұрған өң­деу мәселесін шешу үшін ауыл­шаруашылық шикізаттарының са­пасы мен қауіпсіздігін қамта­ма­сыз ету қажет. Ауылшаруа­шылық өсімдіктерінен жоғары және тұрақты өнім алынуына 8,5 мыңнан астам ауру қоздыр­ғыш­тар түрлері, 10,0 мың жәндіктер мен кенелердің түрлері, 2,0 мың арам шөптер, 1,5 мың нематодтар қатер туғызады. Зиянды микро­ағзалар әсерінен өнімнің 40 пайызы кем жиналады. Өн­дірісті экологияландыру бағыты, өсімдіктерді қорғаудағы химия­лық пестицидтерге балама био­ло­гиялық тәсіл ізденісі құра­мында, әртүрлі микроорганизмдер топтарының 160 штаммдары бар коллекция негізінде іске асырылады. Қазіргі кезде, әлемде, астық шикізатын терең өңдеу арқылы крахмал және крахмал өнімдерін өндіру жоғары қарқынмен дамуда. Қазақстанда шикізат ресурс­тары болғанымен, астықты те­рең­дете қайта өңдеу нашар дамыған. Мысалы, ЕО елдерінде 9,8 млн.тонна крахмал өнімдерін өндіреді, Ресейде – 0,8 млн.тонна, Қазақстанда соңғы үш жылда орташа есеппен 2,7 мың тонна өндірілді. Қосымша құны бар өнімдерді жасау үшін ұн тарту және жарма өнеркәсіп­терінің туынды шикізат ресурс­тарының мүмкіндіктері толық қолданылмайды. Осыған байланысты зерттеу­лердің мақсаты – әр түрлі астық шикізаттарынан, жоғары қосыл­ған құны бар өнімдер алу тех­нологиясын жетілдіру үшін, ғылыми дәленденген ұсыныстар жасау. Крахмалдан сүт қышқы­лын, сүт қышқылынан этиллак­тат, крахмалдан карбоксиме­тил­крахмалын, карбоксилметилцеллюлозалар, күріш жар­масы крахмалынан крахмал сірнесін, күріш жармасы крахмалынан глюкоза-фруктоза шәр­баттарын алу зерттеулері Дариғаш ШАЙМЕРДЕНОВА, «Қазақ ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу ғылыми-зерттеу институты» ЖШС бас директоры.