ХҚДБ беретін қаржы әлеуметтік медициналық сақтандырудың ұлттық жүйесін енгізуді қолдауға; медициналық көмек көрсету жүйесін нығайтуға; әлеуметтік медициналық сақтандыру стратегиясының жобасына мониторинг жүргізу мен бағалауға жіберілетін болады.
Талқылау барысында сенаторлар қаржының мақсатты пайдалануының тиімділігін бақылау және қарыздың Қазақстанға түсетін сомасы қанша болатыны туралы сауал қойды. Қаржы министрлігі өкілінің айтуынша, келісімнің қолдану мерзімі аяқталғанда біздің еліміз ХҚДБ-ге 92 миллион доллар қайтаруы тиіс екен. Қарызды қайтару мерзімі 5 жыл жеңілдік мерзімін қосқанда 15 жыл.
Парламентшілер дәрі-дәрмек бағасының шегін реттеуге және міндетті әлеуметтік сақтандыру енгізілген жағдайдағы дәрігерлік мекемелердің жұмысына қатысты Келісімнің жекелеген мәселелеріне назар аударды.
Сенатор Әли Бектаев білім беру технологияларын қаржыландыру, мамандарды шетелдік академиялық орталықтарда оқыту мен халықаралық консультанттарды сыртқы қарыздар есебінен емес, мемлекет бюджеті есебінен тарту мүмкіндіктері туралы сұрады.
Талқылауға депутаттар Ақан Бижанов, Жабал Ерғалиев, Серік Бектұрғанов, Владимир Редкокашин, Төлеубек Мұқашев та қатысты.
ХҚДБ-мен Келісімді ратификациялау туралы заң жобасы палатаның қарауына жіберілді.