Аймақтар • 03 Мамыр, 2017

Өскеменнің әкімі отставкаға кету жөнінде өтініш жазды

138 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бірнеше сағат бұрын Өскемен қаласының әкімі Ерлан Аймұқашев БАҚ өкілдеріне отставкаға кету жөнінде өтініш жазғанын хабарлады. Оның айтуынша, мұндай шешім қабылдауына отбасылық жағдайлар себеп болған.

Өскеменнің әкімі отставкаға кету жөнінде өтініш жазды

«Өскемен қаласында өткізген күндерім көңілімнің бір түкпірінен өз орнын алады ғой деп ойлаймын. Бұл қалада өз саласының майталмандары еңбек етеді. Бірлесе жұмыс істеген адамдардың барлығына алғысымды білдіремін. Отбасының кез келген адам үшін орны бөлек. Мені дұрыс түсінерсіздер деп ойлаймын», - деді ол.

Айта кетейік, Ерлан Аймұқашев Өскемен қаласының әкімі қызметіне 2016 жылдың сәуір айында тағайындалған болатын.

Азамат ҚАСЫМ,

«Егемен Қазақстан»

ӨСКЕМЕН 

Суретті түсірген  Ғылымбек СӘБИТОВ