
Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік және оңтүстік шығыста шаң көтеріледі. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде желдің екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 23 метрге жетеді.
Жамбыл, Қызылорда, облыстарының бірқатар аудандарында желдің күші секундына 15-20 метр болады. Жамбыл облысында шаң көтерілуі мүмкін.
Оңтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желі секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Астанада күн құбылмалы, жауын жаумайды.
Батыстан, оңтүстік батыстан жылдамдығы секундына 9-14 метр болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде +10+12°С, күндіз +23+25°С.
Алматыда да күн құбылмалы, жауын жаумайды. Желдің күші секундына 0-5 метр болады. Ауа температурасы түнде +5+7°С, түнде +21+23°С.