Бизнес • 04 Мамыр, 2017

Бизнеске кедергі келтіретін құжаттардың 60%-ы күшін жойды

160 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

2016 жылы бизнеске кедергі келтіретін әкімшілік кедергілердің 60%-ы алынып тасталды, деді Алматы кәсіпкерлер палатасының құқықтық мәселелер бойынша директор орынбасары Қайрат Құдайберген.

Бизнеске кедергі келтіретін құжаттардың 60%-ы күшін жойды

Оның айтуынша, палатаның ұсынысымен мемлекеттік актілерге 125 өзгеріс енгізіліп, қазір олар қолданысқа түсті. Сонымен қатар, биыл Алматы бөлімшесі мен Алматы қалалық прокуратурасы Бас прокуратураға бизнеске жайлы жағдай жасайтын тағы 30 ұсыныс тастаған.

“Әкімшілік кедергілердің 60%-ы жойылды. Алдағы уақытта осы бағыттағы жұмысты жалғастыра береміз. Бұл біз үшін маңызды. Дүниежүзілік банк рейтинг жасағанда тек Алматының көрсеткішіне ғана қарайды. Сол үшін мұндағы 187 мың бизнес субъектісіне қолайлы орта қалыптастыру керек”, – деді Құдайберген.

Өз кезегінде Алматы прокуроры Жандос Өмірәлиев кәсіпкерлердің негізсіз түрде әкімшілік жауапкершілікке тартылатынына шағым айтатынын тілге тиек етті.

Соңғы жаңалықтар