Қаржы • 04 Мамыр, 2017

Биыл инфляция деңгейі төмендейді

300 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

​Бүгін ҚР Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Ғалымжан Пірматов Халықаралық Валюта Қоры Таяу Шығыс және Орталық Азия елдері департаментінің директоры Джихад Азурмен кездесті.

Биыл инфляция деңгейі төмендейді

Кездесу барысында қаржы нарығындағы ахуал және экономиканың даму перспективалары, сондай-ақ Қазақстандағы экономикалық белсенділікке әсер ететін факторлар талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі банк баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.  

Кездесуде Ғалымжан Пірматов сыртқы экономикалық конъюнктураның 2016 жылдың соңында тұрақтануы және үкіметтің Қазақстан экономикасын ынталандыру жөніндегі дағдарысқа қарсы кеңейтілген шаралары ішкі және сыртқы күйзелістердің жағымсыз ықпалын жұмсартуға мүмкіндік бергенін айта келіп, экономикалық ахуалдың жақсаруына еліміздің валюта нарығындағы ахуалдың тұрақтануы ықпал еткенін атап өтті. 

Ұлттық Банк басшысының орынбасары Қазақстанда инфляцияның төмендеуі күтілетінін тілге тиек етті.

«Ұлттық Банктің болжамы бойынша жылдық инфляция 2017 жылы 6-8% нысаналы дәлізінде болады, ал 2018 жылы 5-7% нысаналы дәлізге біртіндеп кіре бастайды», - деді ол. 

Өз кезегінде, Д.Азур мұнайдың және биржалық тауарлардың әлемдік бағаларының соңғы бірнеше жылда күрт төмендеуі жағдайында Қазақстанның қабылдаған шараларының сәтті болғанын, сондай-ақ икемді айырбастау бағамы саясатына қолдау көрсету және инфляцияны бақылауда ұстау үшін ақша-кредит саясатының негіздерін нығайту бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар

Оқуға құштар қала

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 09:12

Момышұлының қолжазбасы

Жәдігер • Бүгін, 09:10

Келешегі күмәнді сода зауыты

Аймақтар • Бүгін, 09:07

ЖИ-ді білмей, мақтанба!

Жасанды интеллект • Бүгін, 09:00

Алмас жарқылдайтын кезең

Ауыр атлетика • Бүгін, 08:53

Алтын көпір

Руханият • Бүгін, 08:45

Жеңіске бастар жол

Күрес • Бүгін, 08:43