Бағдарламалар • 05 Мамыр, 2017

Қазақстан дипломатиясының маңызды жетістігі

208 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы келіссөздер Сириядағы жағдайға қатысты басты тараптардың өзара үнқатысуға мүдделі екендігін көр­сетті. Ол түсінікті, Сирия­да­ғы соғыс, Таяу Шығыстағы тұрақсыздық бүкіл әлемге кері әсерін тигізуде.

Қазақстан дипломатиясының маңызды жетістігі

Аталған елде алты жылдан астам уақыттан бері жалғасып жатқан соғыстың ықпалы сезілмеген ай­мақ жоқ деуге болады. Ұзаққа созылған қақ­ты­ғыс Таяу Шығыстың ғана емес, бүкіл әлем­нің бас ауруына айналды. Сол үшін де әлем­дік қо­ғам­дастық бейбітшіліктің орнауына күш-жігерін жұм­сауда. Сирия мәселесіне қатысы бар сыртқы жә­не ішкі күш­тердің барлығы Астана про­цесінің жал­ғасуына мүд­делі екендіктерін көр­сетті. Төр­тін­ші раундқа тараптардың бар­лы­ғының келгені осы­ның бір көрінісі. 

Әрине, қарулы оппозиция топтарының кел­іс­сөздердің төртінші раундына келуіне қол жеткізу оңай емес. Яғни, мұны қазақстандық дипломатияның ға­на емес, барлық тараптардың маңызды жетістігі деп бағалаған жөн.

Әрине, жағдай әлі де күрделі, оны осы раундта шешіп тастау мүмкін емес. Дегенмен, тараптардың барлығының бір үстел басынан табылғаны, осы форматқа барлығының келіскені процестің алдағы уақытта ілгерілеуіне мықты негіз болды, ол болашақта ахуалдың бейбіт жағдайда шешілуіне алып келуі мүмкін.

Әділ КАУКЕНОВ, 

саясаттанушы



Соңғы жаңалықтар