08 Маусым, 2011

Әріптестікке мүдделестік танытылған кездесулер

341 рет
көрсетілді
6 мин
оқу үшін
Кеше Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев жетінші Бүкіләлемдік Ислам экономикалық форумы ая­сын­да бірқатар екі жақты кездесулер өткізді, деп хабарлады Қа­зақстан Республикасы Президентінің баспасөз қызметі. Мемлекет басшысы Джибути Республикасының Президенті Ис­маил Омар Гелемен кездесті. Тараптар екі жақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ 7-ші Бү­кіл­әлемдік Ислам экономикалық фо­румының күн тәртібін талқы­лады. – Президент мырза, сізді Қа­зақстанда көргеніме қуаныш­ты­мын. Бұл – сіздің алғашқы са­па­рыңыз. Және де біз сіздің Ислам Конференциясы Ұйымының осы маңызды экономикалық саммитіне қатысу туралы қабылдаған ше­шіміңізге ризамыз. Мен сізді соңғы президенттік сайлаудағы жеңісіңізбен құттықтаймын. Сәу­ір айында менде де, сізде де маңызды іс-шара – сайлау өтті. Біз сізді зор ықыласпен қабыл аламыз. Жалпы, біздің Африка мемлекеттерімен қарым-қатынас ор­нат­қымыз келеді. Сіз біздің елімізге келген алғашқы Джибути Президентісіз. Біздің экономикалық және мә­дени ынтымақтастығымызды, бар­лық бағыттар бойынша арт­ты­ру үшін, екі елдің игілігіне одан әрі ынтымақтастық орна­тып, біздің елімізді, тарихын, мә­дениетін, эко­номикасын білу үшін Қазақ­станмен танысуға сіз­дің мүмкін­дігіңіз бар, – деді Қа­зақ­стан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев. – Ең алдымен, тамаша елі­ңізде көрсеткен жылы шырайлы қабылдауыңыз бен шақыруыңыз үшін Сізге рахмет айтуыма рұқ­сат етіңіз. Қазақстан Сіздің көш­басшылығыңызбен тәуелсіздік жыл­дарында өз экономикасының табысты дамығанын көрсетті. Бү­гінгі біздің Қазақстанға келуіміз сіздердің елдеріңіздің аймақтағы маңызды рөлін, сондай-ақ ислам әлеміндегі біздің елдеріміз ара­сын­дағы ынтымақтастықты және оны дамытуға деген ниетімізді көр­сетеді, – деді Джибути Рес­пуб­ликасының Президенті Исмаил Омар Геле. – Мен Қазақстан туралы көп естідім. Бірақ елордаларыңыз – Астананы осындай әсерлі, таза және әсем қалпында көремін деп ойламаған едім. Бұл – менің алғашқы әсерім. Және адамдары да өте кеңпейіл екенін айтқым келеді. Бұл – біздің Президент Нұр­сұлтан Назарбаевпен бірінші кездесуіміз. Мен Президентке осы кездесудің өтуіне мүмкіндік жа­са­ғаны үшін алғысымды айта­мын. Біз елдеріміз арасындағы, әсі­ресе, экономика мен сауда са­лаларындағы ынтымақтастықтың тетіктерін құру туралы шешімге келдік. Біз сондай-ақ көпжақты ынтымақтастық мәселесін талқы­ладық. Сіздердің елдеріңіз ИКҰ-ға мүше елдер Сыртқы істер министрлерінің кеңесін өткізуге дайындалуда. Біз Президентпен осы алда тұрған кездесуді тал­қы­лау мүмкіндігіне ие болғанымыз үшін өте бақыттымыз. Менің пікірімше, қазір Астанада өтіп жат­қан Ислам экономикалық фо­ру­мы ислам әлемінде үлкен рөл ат­қарады. Форум кезінде қабыл­дан­ған шешімдер ислам елдері арасындағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдете түседі. Мен Президентті және Қазақстан халқын Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен, сондай-ақ Нұрсұлтан Назар­баев­ты биылғы жылдың сәуірінде өт­­кен сайлаудағы тамаша же­ңі­сімен шын жүректен құттық­тай­мын, – деді И.Геле кездесуден кейін. *  *  * Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының Вице-президенті Будиономен кездесті. Кездесу кезінде екі жақты ынты­мақтастық мәселелері, сондай-ақ 7-ші Бүкіләлемдік Ислам эконо­ми­ка­лық форумының күн тәртібі талқыланды. – Ең алдымен, сізге Қазақ­станға, біздің жаңа астанамызға, 7-ші Ислам экономикалық фо­ру­мына қош келдіңіз дегім келеді. Біз Индонезияны өзіміз үшін перспективалы серіктес, үлкен ел деп есептейміз. Сондықтан эко­но­микалық достық және саяси қарым-қатынастар орнатуды әр­дайым қалаймыз. Мен сіздердің елдеріңізге 1996 жылы жасаған сапарымды ықыласпен еске ала­мын. Менің алдағы уақытта Ин­донезияға жасайтын сапарым біздің қарым-қатынастарымызға жаңа серпін беретініне сенемін. Және де біздің сізбен кездесуіміз екі елдің байланысын жандан­дыруға үлкен септігін тигізеді. Біз елдеріміз арасындағы сауда-экономикалық, саяси қатынастар мен инвестицияны орнатып, ке­ңейтуді қалаймыз. Қазақстан елді индустрияландыру жөнінде үл­кен жұмыстар жүргізуде. Біз индонезиялық іскер адамдарды біздің бағдарламамызға атсалы­су­ға шақырғымыз келеді, – деп атап өтті Нұрсұлтан Назарбаев. – Мен осында болып, Қазақ­станды, әсіресе, Астананы өз кө­зіммен көргеніме өте қуаныш­ты­мын. Мені Астананың өте жақсы жоспарланғаны және дамуы қат­ты таңғалдырды. Президент Нұр­сұлтан Назарбаевпен кездесу кезінде екі жақты ынтымақтас­тық­ты одан әрі күшейту және терең­детуді, әсіресе, сауда мен коммерция саласындағы мүмкіндіктерді талқыладық. Президент Н.Назарбаев Индонезияға бұдан 20 жыл бұрын сапармен барды, сол кезде біздің Президентіміз де Қазақ­станға келген еді. Келешек ынты­мақ­тастық үшін сенімді негіз қа­лаған өте маңызды құжат қабыл­данған болатын. Біз сондай-ақ біздің өзара тиімді достық қа­рым-қатынастарымыздың ілгерілеуін жеделдету мүмкіндіктерін талқыладық. Соңғы жылдары Қа­зақстан аймақтық және жаһан­дық деңгейде, әсіресе, экономи­ка, саясат және қауіпсіздік са­лаларында айрықша үдемелі рөл атқаруда екенін байқаймыз. Біз Қазақстанның алдында Еуропа мен Азия арасында өзара түсі­ністік көпірі ретінде өте маңызды рөл атқару міндеті тұрғанын кө­ріп отырмыз. Президент кездесу кезінде Қазақстанның Үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағдарламасы туралы айтты. Бұл – Президент айтқандай, ре­сурстарды ескеріп, алға ұмтыл­дыратын өте биік міндет. Бұл – дұрыс міндет. Бұл мемлекеттік экономиканың дамуындағы өте сенімді және ұзақ мерзімді міндет. Қазақстан өзінің индус­трия­лық-инновациялық әлеуетін да­мы­тып, өте дұрыс қадам жасап отыр. Мен Президент Н.На­зар­баев­қа Индонезия осы бағдар­ламаға қатысуға және Қазақ­стан­ның дамуына өз үлесін қосуға дайын екенін айттым. Индонезия халқы мен үкіметі атынан мен Қазақстан халқын және оның Көшбасшысын ел Тәуелсіздігінің 20 жылдығымен шын жүректен құт­тықтаймын. Біз сіздерді әр­дайым қолдайтын боламыз демек­пін, – деп атап өтті Индонезия Вице-президенті Будионо кездесуден кейін. ----------------------------------------- Суреттерді түсіргендер С.БОНДАРЕНКО, Б.ОТАРБАЕВ.