Қазақстан • 05 Мамыр, 2017

Әскері әлеуетті елдің ұйқысы тыныш

147 рет
көрсетілді
9 мин
оқу үшін

Еліміз өз Тәуелсіздігін алған алғашқы күннен бастап мемлекеттің қорғанысын қамтамасыз ету Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың алдына қойған алғашқы мақсаттарының бірі болды. 1992 жылдың мамыр айында Президенттің Қазақстан Қарулы Күштерін құру туралы Жарлығы шығып, соны іске асыруға барлық әскери қызметкерлер қызу кірісіп кеттік. Алғашқы бес жылда өте қиын болды, елдің экономикасы да дағдарысқа түсіп, ақша күннен-күнге құнсызданып жатқан жағдайда қорғанысты қамтамасыз ету оңай болған жоқ. Әскери кадрлар да жетіспеді. Кеңес Одағынан қалған әскери техникалар ескі, оларға құятын жанармай жоқ, жөндеп, сапқа қоятын қосалқы бөлшектер, қару-жарақ жетіспейді, сатып алуға қаражат жоқ. КСРО-ның басқа өңірлерінде жүріп, Тәуелсіз еліміздің шақыруы бойынша келген қазақстандық әскери кадрларды қоныстандыру, жаңа жұмыстарға орналастыру – осының бәрі-бәрі кейінге қалдырылмай шешуге тура келген проблемалар болғандықтан, үлкен қиындықтармен еңсеріліп жатты.

Әскері  әлеуетті елдің ұйқысы тыныш

Біздің еліміздің аумағында қызмет етіп жүрген басқа елдің әскери азаматтары да көп еді, олардың кейбіреулері өзінің қол астындағы материалдық-тех­никалық құндылықтарды ұрлап не­месе сатып кету сияқты істермен ай­на­­лысқаны да жасырын емес. Тіпті, бүл­­діріп, қиратып кетуге тырысқан қас­­күнемдер де болды. Бір жағынан әс­­кер құрылып, барлық күштер со­ған шо­ғырландырылып жатқанда, осын­дай­лардың қылмысты істерін ашуға да ту­ра келді. 
Соның бәріне төтеп беріп, Президент – Қарулы Күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен армия генералы, алғашқы Қорғаныс ми­нистрі Сағадат Нұрмағамбетовтің басқаруымен барлық мәселелер үлкен қиыншылықпен ептеп шешіліп жатты. Өзім­нің сол кезде Қазақстан армия­сы­ның құрылу тарихының ортасында жүр­ге­німді осы күні мақтан етемін. 
Алдымен Қазақстан офицерлерін дай­ындайтын әскери жүйенің түрлі сала­сына бағытталған әскери оқу орындары құ­рылды. Осыған дейін Қазақстанда офи­церлер дайындайтын екі ғана жоғары оқу орны бар еді. Олар Алматының жалпы жоғары командалық және Алматы ше­кара училищелері болатын. 
Армия генералы Сағадат Нұр­ма­ғам­бе­тов Жоғарғы Кеңестің ке­лі­сі­мі­мен ме­ні ка­др дайындау ісін дұрыс жолға қою үшін Алматының жоғары жалпы әс­ке­ри ко­мандалық училищесіне басшы етіп тағайындады. Бұл Қазақстан Қарулы Күш­терін құру үшін жарияланған 1992 жылғы Жарлықтан кейін болған оқи­ға еді. Мен осы қызметте 10 жыл бой­ы істеп, қолымнан келген барлық мүм­кіндігімді Қазақстан әскерінің офи­церлерін дайындауға арнадым. Бұ­рын бір-ақ саланың офицерлерін дай­ындайтын оқу орнын енді танкис­тер, артиллеристер, әскери техника инженер-офицерлерін, байланысшылар дайындайтын көпсалалы оқу орнына айналдырдық. 
Оқу орнының материалдық-техни­ка­лық базасын нығайтуға барлық күш-жі­герімді салдым. Мемлекет басшысы біз­дің талаптарымыздың оң шешілуіне на­зар аударып, үнемі қолдап отырды. Со­ңынан әскери академияға айналған оқу орнында диссертациялық кеңес ашы­лып, білікті мамандардың ғылыми атақ алуына жол ашылды. Мен тарих ғы­лымдарының алдымен кандидаты, бі­раз жылдан кейін докторы ғылыми атағын қорғадым. Бүгінгі таңда біздің оқу орнымызды бітірген талай түлек әс­керіміздің басшылық қызметтерінде жүр. Бәрі де білікті мамандар, жоғары шен­ді офицерлер болған. Олармен кездес­кенде кеудемді мақтаныш сезімі кер­нейді.
Жоғары білімді офицерлер дайын­дау­дағы еңбегіміз жоғары бағаланып, гене­рал-лейтенант атағын алған мені 2002 жы­­лы Президент өзінің Жарлығымен Қор­­ғаныс министрінің орынбасары қыз­­метіне ауыстырды. Бұл қызметте де басқа міндеттеріммен қатар, кадр­лар дайындау саласын бақыладым. Ака­­демиядан әскери училищені бө­­ліп, қазіргі Ақмола облысының Щучинск қа­ла­сына ауыстырдық. Ал ака­де­мия­ның орнында Құрлық әскерлері офи­­церлерін дайындайтын оқу орны құ­рыл­ды. Ақтөбе қаласындағы бұрынғы аза­маттық әуе авиациясы мамандарын дай­ындайтын оқу орны Әскери-әуе күш­терінің офицерлерін дайындауға ауыс­­тырылған. Осы және Алматыдағы Р­а­­диоэлектроника байланысы әскери инс­­титуттарының материалдық-техни­ка­­лық базалары жетілдірілді. Оларға осы заманғы үздік техникалар алынып, аза­­маттық білікті мамандар қызметке ша­қырылды. Курсанттардың жатын ор­ны мен қамтамасыз етілуі барынша арт­тырылды. 
Петропавл қаласында 2000 жылы Ішкі әскерлер офицерлерін дайындайтын жоғары оқу орны ашылған. Бұл оқу орны да өзінің міндетін абыроймен атқарып келеді. Ал Щучинск қаласында замана талабымен сержанттар дайындайтын кадет корпусы жұмыс істейді. Бұлардан бас­қа, Алматы, Шымкент, Қарағанды қа­лаларындағы салалық мектептеріміз, Астана қаласындағы «Жас ұлан» мек­­тебі жоғары әскери орындарына тү­су­ге жастарды дайындайды. Осы оқу орын­дарының құрылу, жарақталу және же­тіл­дірілу жұмыстарына кезінде белсе­не ат­салысып, өзімнің білімім мен тә­жі­ри­бем­ді аямай жұмсадым деп айта аламын. 
Бүгінгі таңда Астана қаласындағы Тұңғыш Президент – Елбасы Н.Назарбаев атын­дағы Ұлттық қорғаныс университеті әскери ғылымның дамуына шексіз үлес қо­сып отырғанын айта кетуім керек. Оқу орнының қабырғасында саланың жоғары білікті мамандары түрлі тақырыптарға зерттеу жұмыстарын жүргізеді. 
2006 жылдың қаңтар айында Елбасы өзінің Жарлығымен мені Қазақстан Рес­пуб­ликасы Ұлттық ұланының қолбас­шы­сы лауазымына тағайындады. Бұл – өзін­д­ік ерекшелігі бар айрықша әскери бө­лім. Оның міндеттерінің қатарына Пре­зидент пен мемлекеттік билік және бас­қармалардың жоғарғы органдарын жә­не т.б. күзету; Мемлекеттік ту мен Елтаң­баның эталондарының сақталуын қам­тамасыз ету; Шетел мемлекет бас­шы­ларын күтіп алу, шығарып салу ке­зінде, Қазақстан мемлекеттік мейрамда­ры мен салтанаттарында жоралғылық рә­сім­дерді орындау және т.б. енеді. 
Президент 1995 жылдың 5 желтоқ­сан­дағы заң күші бар Жарлығымен Рес­публикалық ұланның тікелей Қазақ­стан Республикасы Президентіне ба­ғы­­на­­тынын және Қазақстан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Қарулы Күштері құрамына кір­мей­­тінін айқындады. Осы қызметті мен алты жылдай атқардым. Ал 2012 жылдан бастап Парламент Мәжілісіне депутат болып сайландым. Соңғы бес жылда Парламенттің Халықаралық істер, қор­ға­ныс және қауіпсіздік комитетінде қыз­мет жасап келемін. Қорғаныс саласына қа­тысты барлық заңнамалық актілерге ара­ласып, қолдан келгенінше өзімнің кө­мегімді көрсетудемін. Сондай-ақ, әс­кери қызметкерлердің әлеуметтік тұр­ғы­дан қамтамасыз етілуіне байланысты заң жобаларын жетілдіруге белсенді түр­де қатысып, өзімнің ұсыныстарым мен пікірлерімді қосып отырамын. Сон­дық­тан бұл жерде де мен әскери саладан ау­лақ кеткен жоқпын деп айта аламын. 
Қазір Қарулы Күштердің алдында өте үлкен жауапты міндеттер тұр. 
Жыл сайын әскери паркімізді тех­ни­к­а­ның соңғы үлгілерімен белгілі бір дең­гейде жаңартып келеміз. Бұл үдеріс ал­дағы 8-9 жылда Қарулы Күштерімізді әлем­дік озық, әскери күштер талаптары­на сай жарақтандыруға мүмкіндік бе­ре­ді. Бұл жерде мына бір жайға назар ау­дару керек. Әлемнің бірде-бір елінің ар­­миясы қазіргі заманғы әскери техника 100 пайыз қамтамасыз етілмеген. Өйт­ке­ні, әрбір техниканың белгілі уақытта ау­ыс­­тырылуы тиіс. Мерзімі келгенде кон­структорлар оларды одан әрі же­тіл­ді­ріп, қуатын арттырып отырады. Сол тұр­ғыдан келгенде, біздің Қарулы Күш­терімізде де стратегиялық маңызды көр­сет­кіштер үнемі анықталып отырады. Ал бұл – әскерлеріміз ең озық техни­ка­мен жарақтандырыла береді деген сөз.
Қазір мемлекет тарапынан әскерилер үшін барлық жағдай жасалған. Қарулы Күш­тердің бөлімдері үнемі түрлі дең­­гей­де оқу-жаттығулар өткізіп, әс­кери ше­берлігін, кәсіби біліктілігін кө­те­­ріп отырады. Біз – Ұжымдық қау­іп­­сіз­дік шарты ұйымына мүшеміз. Жыл сай­ын осы ұйымға мүше мемле­кет­тер әс­керлерімен бірге әскери жат­ты­ғу­лар­ға қатысамыз. Жылдам әрі ша­лт
қи­мыл­дайтын ұтқыр әскеріміздің ше­бер­лік­тері сол жаттығуларда анық бай­қа­ла­ды. Заманауи техника мен қару, бі­лікті әс­кери маман кез келген жағдайда алға қой­ған мақсатына жете алады. 

Абай ТАСБОЛАТОВ,
Парламент Мәжілісінің депутаты, генерал-лейтенант

Соңғы жаңалықтар