08 Маусым, 2011

Форум аясындағы жүздесулер

245 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Кеше Астанада өтіп жатқан жетінші Бүкіләлемдік Ислам эко­но­микалық форумы (БИЭФ) аясында Қазақстан Респуб­ли­ка­сы­ның Премьер-Министрі Кәрім Мәсімов бірқатар кездесулер өткізді.   Қазақстан Үкіметінің бас­шы­сы осы форумға қатысуға келген Біріккен Араб Әмірліктерінің Экономика министрі Сұлтан Саид Әл-Мансұрмен кездесті. Кездесуде екіжақты сауда-эко­но­ми­ка­лық ынтымақтастығының мә­се­лелері, соның ішінде инвес­ти­циялық жобаларды бірлесіп жү­зе­ге асыру мәселелері талқы­ланды. *   *   * Кәрім Мәсімовтің Ирак Рес­публикасы Премьер-министрінің орынбасары Руза Нури Шауиспен кездесуінде екі ел ара­сын­дағы сауда-экономикалық қарым-қатынастардың бірқатар мәсе­лелері сөз болды. *   *   * Қазақстан Үкіметінің бас­шысы сондай-ақ форум қонағы Нидерланды Корольдігінің бұ­рын­ғы Премьер-министрі, Мадрид клубының мүшесі Вим Кокпен кездесу өткізді. Кездесу ба­ры­сында Қазақстан және Ни­дер­ланды арасындағы экономикалық әріптестік жөнінде пікірлер ал­масылды. Сұңғат ӘЛІПБАЙ.