Аймақтар • 05 Мамыр, 2017

Өскеменде 30 ардагерге 500 мың теңгенің сертификаттары тапсырылды

131 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін Өскеменде облыс әкімі Даниал Ахметов өңірдегі Ұлы Отан соғысының 30 ардагеріне Қазақстан Президентінің атынан 500 мың теңгелік сертификаттарды салтанатты түрде тапсырып, мерекелік дастарқан жайып, құрмет көрсетіп, лебізін жеткізді.

Өскеменде 30 ардагерге 500 мың теңгенің сертификаттары тапсырылды

«Сіздерді Ұлы Жеңіс мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Барлықтарыңызға зор денсаулық тілеймін. Біздің ең үлкен байлығымыз, бақытымыз – сіздерсіздер қадірменді, қасиетті ардагерлер», – деді облыс әкімі өзінің құттықтау сөзінде. 
Облыстық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру басқармасының басшысы Елена Старенкова мұндай сыйақы облыста тұратын 328 ардагерге тапсырылатынын айтты. Ал тыл ардагерлеріне қала мен аудан әкімдіктері мүмкіндігінше қаржылай және материалдық тұрғыдан қолдау көрсетеді. 
Қарияларды құрметтеген шара барысында Ұлы Отан соғысының ардагері Құрмет Рахимовпен аз-кем тілдескенімізде, ақсақал көңілін күпті етіп жүрген бір жәйтті тілге тиек етті. 
«Ұлы Отан соғысы туралы көп айтылып жатыр, көп жазылып жатыр. Біз не айтамыз?! Менің бір нәрсеге жүрегім ауырады. Соғыстың алғашқы жылдарында тұтқынға түскен азаматтарды майданнан кейін негізсіз айыптады ғой. Олардың кінәсы жоқ. Оларды жазалаудың қажеті жоқ еді. Көбі елге қайта алмай, майдан даласында қалды ғой. Осындай ерлерді ескерсек, елеусіз қалдырмасақ деймін», – деді ардагер. 
Азамат ҚАСЫМ, 
«Егемен Қазақстан» 
ӨСКЕМЕН 

 

Соңғы жаңалықтар