08 Маусым, 2011

Жұмыс тобын құруды тапсырды

311 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Премьер-Министрдің бірінші орынбасары Өмірзақ Шөкеев Ел­басының Астананың азық-түлік белдеуі мен жасыл аймағын құру, сондай-ақ Нұра-Есіл ар­на­сының сағасын тазалау жөнінде берген тапсырмаларының жүзеге асы­рылу мәселелеріне арналған жұмыс кеңесін өткізді. Оған Астана қаласы, Ақмола және Қа­ра­ғанды облысы әкімдіктерінің өкіл­дері мен өзге де мүдделі мемлекеттік ор­гандардың басшыла­ры қатысты.  Жиында Ауыл шаруашылығы министрі Асылжан Мамытбеков, Астана қаласы әкімінің орын­ба­сары Василий Крылов, АШМ Ор­ман және аңшылық шаруа­шы­лығы комитеті төрағасының орынбасары Игорь Коваль және АШМ Су ресурстары комитетінің төрағасы Анарбек Ор­ман баяндама жасады. Оты­рыс­тағы тал­қы­лау­лар нәтижесі бойынша Ө.Шөкеев Ауыл шаруа­шылығы министрлігі мен Астана әкімдігіне айтылған сын-ескерт­пелерді есеп­ке ала отырып, азық-түлік белдеуін құру жөніндегі кешенді шараны дайындау үшін жұмыс тобын құруды тапсырды. АШМ Орман және аңшылық ша­руашылық комитетіне, Астана қа­ласы мен Ақмола облысы әкім­діктеріне жасыл аймақ құру бағ­дарламасының жүзеге асырылу кестесін жасап, оны қысқа мерзімде Үкімет қарауына ұсыну, сондай-ақ АШМ Су ресурстары комитетіне Үкімет оты­рысында қарау үшін Нұра-Есіл өзені арнасының сағасын тазалау жөнінде ұсыныстарын дайындау туралы тапсырмалар берілді. «Егемен-ақпарат».