Медицина • 06 Мамыр, 2017

Қазақстандағы Украина елшілігі ардагерлерді құттықтады

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанадағы Украина елшілігінде Ұлы Отан соғысының ардагерлерін марапаттау рәсімі өтті. Оған Украинаны жаудан азат еткен азаматтар қатысты.

Қазақстандағы Украина елшілігі ардагерлерді құттықтады

«Соғыс десе, қан майданға аттанып, оралмаған азаматтар, көз жасын жуған ана, жақынын жоғалтқан жандар көз алдымызға келеді. Талай боздақтарымыз көз жұмды. Иә, соғыстың сойқанын көзімен көрген азаматтардың да қатары жыл сайын сиреп барады. Осы орайда Украина елшілігі жақсы дәстүрді жаңғыртып, Ұлы отан соғысының ардагерлерін марапаттап, кеуделеріне орден тақты. Кешке 25 ардагер шақырылған. Оның 4-еуі ғана қатысты. Олар Құрмантай Айтжанов, Рзагүл Байкешев, Олег Ленник, Мария Полтороцька. Қалғандары денсаулықтарына байланысты келе алмаған. Ол қарияларға ұйымдастырушылар арнайы барып құттықтап, ордендерін табыс етеді, − деді Украинаның Қазақстандағы елшісі Володимир Джиджора. – Украинаны жаудан азат еткен ардагерлердің құрметіне марапаттау рәсімін ұйымдастырып отырмыз. Мен әлемде ешқандай соғыс болмасын деп тілеймін. Сіздердің Елбасыларыңыз айтқандай, бірлік бар жерде тірлік бар. Еліміздің өсіп өркендеуінде, экономикамыздың дамуында ынтымақтастықтың алар орны ерекше. Елімізде бейбіт тіршілік орнай берсін, жеңіс күні құтты болсын!» 
«Өткен күнге оралудың өзі біз ауыр дүние қарақтарым. Қанмен жазылған осынау ұмытылмас тарихты жас ұрпақ білуі тиіс. Бізді осылай құрметтеп, ілтипат көрсетіп жатқандарыңызға мың алғыс. Украина біз үшін туғанымыздай жақын, бауырлас бір мемлекет деп санаймын. Жеңіс туы мәңгі желбірей берсін!», − деді 95 жастағы ардагер Құрмантай Айтжанов. 
Айман МҰҚЫШЕВА  

Соңғы жаңалықтар