Футбол • 08 Мамыр, 2017

Мадридтік "Реал" 16 жасар бразилиялықты 67 млн долларға сатып алмақ

168 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Мадридтік "Реал" "Фламенго" клубының жартылай қорғаушысы 16 жасар бразилиялық Винисиус Жуниорды сатып алмақшы, деп хабарлайды Globo.com.

Мадридтік "Реал" 16 жасар бразилиялықты 67 млн долларға сатып алмақ

Басылымының мәліметінше, трансферт құны 61 млн еуро (67 млн доллар). "Реалдан" бөлек бұл спортшыға "Барселона" клубы да қызыққан екен. Бірақ ол клуб жас футболшыға 25 млн еуро (27,5 млн доллар) ұсынған.

Футболшы 2018 жылдың жазында, яғни кәмелеттік жасқа толғаннан кейін "Реалға" ауыспақ. 

Винисиус Жуниор — "Фламенго" тәрбиеленушісі. Бұл клубтың жүйесінде 2005 жылдан бері жаттығып келеді. Бразилияның U-17 құрамында ол Оңтүстік Америка біріншілігін ұтып, 7 голмен турнирдің ең үздік сұрмергені атанды. Ұлттық құрамадағы 22 ойынында 19 гол соққан екен.